Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

12-САБАҚ

Патшалық туралы хабарды уағыздау ісіміз қалай ұйымдасқан?

Патшалық туралы хабарды уағыздау ісіміз қалай ұйымдасқан?

Испания

Беларусь

Гонконг

Перу

Иса өлерінен аз уақыт бұрын былай деген: “Патшалық жайлы осы ізгі хабар барлық халықтар есту үшін бүкіл жер бетінде уағыздалады. Содан кейін осы заманның соңы келеді” (Матай 24:14). Бірақ бұл ізгі хабар бүкіл дүниежүзіне қалай уағыздалмақ еді? Иса жерде өмір сүрген кезінде мұны қалай істеу керектігін көрсетіп, үлгі қалдырған (Лұқа 8:1).

Біз адамдарға үйлеріне барып уағыздаймыз. Иса өзінің шәкірттеріне ізгі хабарды үйме-үй жүріп уағыздауды үйреткен (Матай 10:11—13; Елшілердің істері 5:42; 20:20). Бірінші ғасырда өмір сүрген осы уағыздаушылар ізгі хабарды қай жерде жариялау керектігіне қатысты нақты нұсқаулар алған болатын (Матай 10:5, 6; Қорынттықтарға 2-хат 10:13). Біздің күнімізде де уағыз ісі ұйымдасқан түрде атқарылады және әр қауым өзіне тағайындалған аумақта уағыздайды. Осының арқасында біз Исаның барша жұртқа “түбегейлі куәлік беру” жайлы нұсқауын орындай аламыз (Елшілердің істері 10:42).

Біз адам бар жердің бәрінде уағыз айтуға тырысамыз. Иса адам көп жиналатын жерлерде, мысалы теңіз жағасында не құдық басында, уағыз айту арқылы да бізге жақсы үлгі қалдырды (Марқа 4:1; Жохан 4:5—15). Біз де адамдар бар жердің бәрінде — көшеде, іскерлер аумағында, саябақта не телефон арқылы — Киелі кітап жайлы әңгіме бастауға тырысамыз. Сондай-ақ біз мүмкіндік болған кездері көршілерімізге, әріптестерімізге, сыныптастарымызға және туыстарымызға уағыздаймыз. Біздің осылай күш салғанымыздың арқасында дүниенің төрт бұрышындағы миллиондаған адам құтқарылу жайлы ізгі хабарды ести алды (Зәбүр 96:2).

Құдай Патшалығы туралы ізгі хабарды және бұл хабардың болашағымызға қалай әсер ететіні жайлы кімге айтқыңыз келер еді? Үміт сыйлайтын осы хабарды басқаларға айтудан тартынбаңыз. Онымен бөлісудің мүмкіндіктерін жібермеуге тырысыңыз!

  • Қандай “ізгі хабар” жариялануы керек?

  • Ехоба куәгерлері уағыз ісін атқаруда Исаны қалай үлгі тұтады?