Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

13-САБАҚ

Ізашар деген кім?

Ізашар деген кім?

Канада

Үйме-үй уағыздау

Киелі кітап зерттеу сабағы

Жеке зерттеу

Ізашар деп белгілі бір істі алғашқы болып қолға алып, оның әрі қарай дамуына жол ашатын адамды айтады. Исаны ізашар деуге болады, өйткені ол өмір сыйлайтын уағыз ісін бастап, адамдардың құтқарылуына жол ашты (Матай 20:28). Бүгінде оның жолын қуған ізбасарлары “шәкірт дайындау” ісіне мүмкіндігінше көп уақыт жұмсауға тырысады (Матай 28:19, 20). Олардың кейбірі ізашарлық қызмет деп аталатын қызмет түрін атқарады.

Ізашар толық уақытты қызметші болып саналады. Ехоба куәгерлерінің барлығы да ізгі хабарды жариялауға атсалысады. Алайда кейбіреулері уағыз ісіне айына 70 сағат арнайтын тұрақты ізашарлар ретінде қызмет етуді шешіп, күнделікті тірліктерін осы қызмет түрін атқара алатындай етіп жоспарлайды. Мысалы, көбісі бұл үшін бұрынғыдан аз уақыт жұмыс істеуді жөн көреді. Өзгелері жариялаушылар жетіспейтін жерлерде арнайы ізашарлар ретінде қызмет етуге тағайындалады. Олар уағыз ісіне айына 130 сағат арнайды. Бұл ізашарлар Ехобаның өздерін ең қажетті нәрсемен қамтамасыз ететініне сенімді болып, барға қанағат етеді (Матай 6:31—33; Тімөтеге 1-хат 6:6—8). Ал толық уақыт қызмет ете алмайтындар мүмкіндіктері болған кездері айына 30 не 50 сағат жұмсайтын қосалқы ізашарлар ретінде қызмет ете алады.

Ізашар болуға Құдайға және адамдарға деген сүйіспеншілік талпындырады. Иса сияқты, біз де адамдардың Құдай жайлы білімге мұқтаж екенін түсінеміз (Марқа 6:34). Біз оларға дәл қазір көмектесе алатын әрі болашаққа деген берік үміт беретін біліммен бөлісе аламыз. Ізашарлар өзгелерді жақсы көргендіктен оларға ізгі хабарды жариялау үшін уақыттары мен күштерін жомарттықпен жұмсайды (Матай 22:39; Салоникалықтарға 1-хат 2:8). Осылай еткеннің арқасында ізашарлардың сенімі нығаяды. Сондай-ақ олар Құдайға жақындай түседі әрі өзгелерге беруден келетін қуанышқа кенеледі (Елшілердің істері 20:35).

  • Ізашарлар деген кімдер?

  • Кейбіреулерді ізашар болып қызмет етуге не талпындырады?