Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

18-САБАҚ

Ауыр жағдайға тап болған бауырластарымызға қалай көмектесеміз?

Ауыр жағдайға тап болған бауырластарымызға қалай көмектесеміз?

Доминика Республикасы

Жапония

Гаити

Апат болған жағдайда Ехоба куәгерлері жапа шеккен бауырластарына жедел түрде көмек ұйымдастырады. Бұл біздің бір-бірімізге деген шынайы сүйіспеншілігіміздің айқын көрінісі болып табылады (Жохан 13:34, 35; Жоханның 1-хаты 3:17, 18). Біз бауырластарымызға қалай көмектесеміз?

Қаржылай. Бірінші ғасырда Яһудеяны қатты аштық жайлағанда, Антақиядағы мәсіхшілер бір сенімдегі бауырластарына қаржылай жәрдем жіберген болатын (Елшілердің істері 11:27—30). Сол сияқты бүгінгі күні де қандай да бір елде тұратын бауырластарымыздың ауыр жағдайға тап болғандарын естігенде, біз жергілікті қауым арқылы оларға қаржылай көмек жібереміз (Қорынттықтарға 2-хат 8:13—15).

Іс жүзінде. Апат болған жердегі ақсақалдар қауым мүшелерін түгендеп, олардың аман-есен екендеріне көз жеткізеді. Көмек көрсету комитеті бауырластардың азық-түлік, ауызсу, киім-кешек, баспана және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуін қадағалайды. Қандай да бір салада тәжірибесі бар көптеген куәгерлер өз қаражаттарымен апат болған жерлерге ерікті қызметшілер ретінде барып, қираған үйлер мен Патшалық сарайларын қалпына келтіреді не басқа жолдармен көмек көрсетеді. Дүниежүзілік бірлігіміз бен иық тіресе жұмыс істей алатынымыздың арқасында біз көмекке мұқтаж бауырластарымызға дер кезінде жәрдем бере аламыз. Біз “сенімі бір бауырластарға” ғана емес, мүмкін болса, басқа дінді ұстанатын адамдарға да қол ұшын беруге дайынбыз (Ғалаттықтарға 6:10).

Киелі кітаптағы жұбаныш сөздерімен бөлісеміз. Әсіресе апаттан зардап шеккен адамдар жұбанышқа мұқтаж болады. Мұндайда біз күш-жігерді “жұбаныш атаулының қайнар көзі” Ехобадан ала аламыз (Қорынттықтарға 2-хат 1:3, 4). Біз қайғырған адамдарға Құдай Патшалығының жақында қасірет атаулының барлығын жоятынын айтып, Киелі кітаптағы қуанышты хабармен бөлісеміз (Аян 21:4).

  • Неге Ехоба куәгерлері апаттан зардап шеккен адамдарға жедел түрде көмек ұйымдастыра алады?

  • Апаттан аман қалған адамдармен Киелі кітаптағы қандай жұбанышты хабармен бөлісе аламыз?