Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

20-САБАҚ

Бүгінде Басқарушы кеңес қандай қызмет атқарады?

Бүгінде Басқарушы кеңес қандай қызмет атқарады?

Бірінші ғасырдағы басқарушы кеңес

Қауым мүшелері басқарушы кеңестің хатын оқып жатыр

Бірінші ғасырда “Иерусалимдегі елшілер мен ақсақалдардан” тұратын кішігірім топ басқарушы кеңесті құрайтын. Олар майланған мәсіхшілер қауымының игілігі үшін маңызды шешімдер қабылдайтын (Елшілердің істері 15:2). Жазбаларды мұқият қарастырғандықтан және Құдай рухының басшылығына мойынсұнғандықтан олар бірауыздан шешім қабылдай алатын (Елшілердің істері 15:25). Біздің күніміздегі Басқарушы кеңес те дәл осылай әрекет етеді.

Құдай Басқарушы кеңесті өз еркін орындау үшін қолданады. Басқарушы кеңесті құрайтын майланған ер бауырластар Құдай Сөзіне мұқият ден қояды. Олардың рухани сұрақтарды не басқа да мәселелерді шешуде тәжірибелері мол. Дүниенің төрт бұрышындағы бауырластардың қажеттіліктерін қарастыру үшін олар апта сайын бас қосады. Бірінші ғасырдағыдай, олар Киелі кітапқа негізделген нұсқауларын қауымдарға хат арқылы және аралаушы бақылаушылар не басқа да бауырластар арқылы жеткізіп отырады. Бұл Құдай халқының ауызбіршілікте болып, бір адамдай әрекет етуіне септігін тигізеді (Елшілердің істері 16:4, 5). Сондай-ақ Басқарушы кеңес рухани астың дайындалуы мен ер бауырластардың жауапты қызметке тағайындалуын қадағалайды және Патшалық жайлы хабардың жариялануына қозғау салады.

Басқарушы кеңес Құдайдың киелі рухының басшылығына мойынсұнады. Басқарушы кеңес әрдайым Әлемнің Әміршісі Ехобаның және қауымның Басы Исаның басшылығына жүгінеді (Қорынттықтарға 1-хат 11:3; Ефестіктерге 5:23). Оның мүшелері өздерін Құдай халқының басшылары деп санамайды. Олар барлық майланған мәсіхшілермен бірге “Тоқты [Иса] қайда бармасын, оған еріп жүреді” (Аян 14:4). Басқарушы кеңес біздің солар үшін айтқан дұғаларымызды қатты бағалайды.

  • Бірінші ғасырда кімдер басқарушы кеңесті құраған?

  • Бүгінде Басқарушы кеңес Құдайдың басшылығына қалай жүгінеді?