Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

22-САБАҚ

Филиалда қандай жұмыс атқарылады?

Филиалда қандай жұмыс атқарылады?

Соломон аралдары

Канада

Оңтүстік Африка

Бетел отбасының мүшелері әртүрлі бөлімдерде қызмет етіп, уағыз ісінің бір не бірнеше елде жүргізілуіне қолдау көрсетеді. Олар аударма топтарында, баспаханада, кітап түптеу бөлімінде, әдебиеттер қоймасында, дыбыс жазу не бейнефильм түсіру бөлімінде қызмет етеді және аумақтың басқа да қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Филиал комитеті уағыз ісіне жетекшілік етеді. Басқарушы кеңестің тапсыруы бойынша, филиалдың қызметін үш не одан да көп тәжірибелі ақсақалдан тұратын филиал комитеті қадағалайды. Бұл комитет өзінің қарамағындағы елдерде уағыз ісінің қалай атқарылып жатқаны жайлы Басқарушы кеңеске есеп береді және осы орайда туындаған қиындықтарды мәлімдеп отырады. Осының арқасында Басқарушы кеңес әдебиеттерде және қауымдар мен конгрестерде қандай тақырыптарды қозғау керектігін анықтай алады. Басқарушы кеңес өзінің өкілдерін филиалдарды аралауға жіберіп тұрады. Ал олар филиал комитетіне жауапкершіліктерін атқаруға көмектесетін нұсқаулар береді (Нақыл сөздер 11:14). Өкіл келетін аптада, жергілікті филиал оның айтатын баяндамасын қоса алғанда, Бетел отбасын жігерлендіру үшін арнайы бағдарлама ұйымдастырады.

Ол жерден жергілікті қауымдарға басшылық беріледі. Филиалда қызмет ететін жауапты ер бауырластар жаңа қауымдардың құрылуын мақұлдап, ақсақалдар мен қызмет көмекшілерін тағайындап отырады. Сондай-ақ олар филиалдың қарамағындағы аумақта қызмет ететін ізашарлар, миссионерлер мен аудандық бақылаушылардың қызметтеріне жетекшілік етеді. Бұған қоса, конгрестерді ұйымдастырады және Патшалық сарайларын соғу жұмыстары мен әдебиеттердің қауымдарға жеткізілуін қадағалайды. Филиалда атқарылатын әрбір іс уағыздау қызметінің ұйымдасқан түрде атқарылуына септігін тигізеді (Қорынттықтарға 1-хат 14:33, 40).

  • Филиал комитеті Басқарушы кеңеске қалай қолдау көрсетеді?

  • Филиалда қандай маңызды істер атқарылады?