Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

23-САБАҚ

Біздің әдебиеттеріміз қалай жазылады және қалай аударылады?

Біздің әдебиеттеріміз қалай жазылады және қалай аударылады?

Жазушылар бөлімі, АҚШ

Оңтүстік Корея

Армения

Бурунди

Шри-Ланка

Біз ізгі хабарды “әрбір ұлт, ру, тіл және халыққа” жеткізу үшін қолдан келгеннің бәрін істеуге тырысамыз. Мысалы, әдебиеттерімізді 1000-нан аса тілге аударамыз (Аян 14:6). Мұндай жауапты іс қалай атқарылып жатыр? Бұл халықаралық жазушылар бөлімі мен өз ісін сүйіп істейтін аудармашылардың арқасында жүзеге асып отыр. Олардың бәрі Ехоба куәгерлері.

Түпнұсқа ағылшын тілінде жазылады. Басқарушы кеңес дүниежүзілік бас басқармадағы жазушылар бөлімінің қызметін қадағалайды. Жазушылар бөлімі бас басқармада және өзге филиалдарда қызмет ететін жазушыларға тапсырмалар беріп отырады. Жазушылардың ұлты мен мәдениеті әртүрлі болғандықтан, әдебиеттеріміз түрлі ұлт өкілдеріне қызықты болатындай етіп дайындалады.

Дайын мәтін аудармашыларға беріледі. Мәтін тексеріліп, мақұлданған соң, оның электронды нұсқасы дүниенің төрт бұрышындағы аударма топтарына жіберіледі. Ал олар мәтінді аударады, түпнұсқамен салыстырады және қателерді тексереді. Аудармашылар ағылшын мәтініндегі ойды толық жеткізу үшін сөздердің тура баламаларын табуға тырысады (Уағыздаушы 12:10).

Компьютерлер жұмысты жылдамдатады. Әрине, компьютер жазушылар мен аудармашылардың орнын баса алмайды. Алайда ондағы бағдарламалар, сөздіктер мен мәлімет көздері олардың жұмысын тездетеді. Ехоба куәгерлері Көптілді электронды баспа жүйесін (MEPS) ойлап шығарды. Осы бағдарламаның көмегімен мәтінді жүздеген тілде енгізіп, суреттерін орналастырып, баспаға дайындауға болады.

Неге біз әдебиеттерімізді өзге тілдерге аудару үшін, тіпті ол тілде бірер мың адам ғана сөйлесе де, осыншама көп күш саламыз? Өйткені Ехоба Құдай “әртүрлі адамдардың құтқарылғанын және шындық жайлы тура білім алғанын қалайды” (Тімөтеге 1-хат 2:3, 4).

  • Әдебиеттеріміз қалай жазылады?

  • Неге біз әдебиеттерімізді соншама көп тілге аударамыз?