Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

25-САБАҚ

Патшалық сарайлары қалай және не үшін соғылады?

Патшалық сарайлары қалай және не үшін соғылады?

Боливия

Нигерия, жөндеу жұмыстарына дейін және кейін

Таити

Атауынан көрініп тұрғандай, Патшалық сарайларында негізінен Киелі кітаптың әрі Исаның жердегі қызметінің басты тақырыбы — Құдай Патшалығы жайлы хабар — қарастырылады (Лұқа 8:1).

Олар ғибадат орындары болып табылады. Патшалық сарайларында ізгі хабарды уағыздау ісі ұйымдастырылады (Матай 24:14). Бұл сарайлар көлемі мен құрылысы жағынан әртүрлі болып келеді. Десе де барлығы да қарапайым етіп соғылады әрі олардың көбісін бірнеше қауым пайдалана алады. Жариялаушылардың саны күн санап өсіп жатқандықтан, соңғы жылдары біз мыңдаған Патшалық сарайларын соқтық (шамамен күніне бесеуден келеді). Бұл қалай мүмкін болып отыр? (Матай 19:26).

Олар Патшалық сарайларын соғуға арналған садақаға тұрғызылады. Бұл садақа филиалға жіберіледі. Егер қандай да бір қауым Патшалық сарайын соққысы не жөндегісі келсе, сол қаражатты филиалдан ала алады.

Оларды кәсіптері әртүрлі ерікті қызметшілер ақысыз соғады. Көптеген елдерде Патшалық сарайларын соғатын топтар ұйымдастырылған. Осы топтың мүшелері өзге ерікті қызметшілермен бірге ел ішіндегі қауымдарға, тіпті шалғай жатқан аумақтарға барып, жергілікті қауымдарға Патшалық сарайларын соғуға көмектеседі. Өзге елдерде болса білікті Ехоба куәгерлері белгілі бір аймаққа тағайындалып, сол жерде Патшалық сарайларын соғу не жөндеу жұмыстарын қадағалайды. Құрылыс алаңына білікті мамандар сырттан көмекке келгенмен, жұмыстың басым бөлігін жергілікті қауым мүшелері орындайды. Құрылыс ісі Ехобаның киелі рухының және оның халқының жан-тәнімен атқарған ерен еңбегінің арқасында мүмкін болып отыр (Зәбүр 127:1; Қолостықтарға 3:23).

  • Біздің ғибадат ететін орнымыз неге Патшалық сарайы деп аталады?

  • Дүниежүзі бойынша Патшалық сарайларын соғу ісі ненің арқасында мүмкін болып отыр?