Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

26-САБАҚ

Патшалық сарайын күтіп ұстауға қалай өз үлесімізді қоса аламыз?

Патшалық сарайын күтіп ұстауға қалай өз үлесімізді қоса аламыз?

Эстония

Зимбабве

Монғолия

Пуэрто-Рико

Ехоба куәгерлерінің Патшалық сарайы Құдайға ғибадат ететін жергілікті орталық болып табылады. Сондықтан Патшалық сарайымызды ұқыпты да таза етіп ұстауға үлес қосқанымыз біз үшін зор мәртебе әрі қасиетті қызметіміздің маңызды бөлігі болып табылады. Тазалық жұмыстарына бәрі де атсалыса алады.

Кездесуден кейінгі тазалық жұмыстарына өз үлесіңізді қосыңыз. Әр кездесуден кейін бауырластар Патшалық сарайын қуанышпен тазалап кетеді. Ал аптасына бір рет тыңғылықты тазалау жұмыстары жүргізіледі. Әдетте ақсақал не қызмет көмекшісі тізімдегі істердің атқарылуын қадағалайды. Өз көмегін ұсынғандар қажеттілікке қарай шаң сүрту, сыпыру, еденді жуу, шаңсорғышпен тазалау, орындықтарды түзеп қою, әжетхананы тазалап, залалсыздандыру, терезелер мен айналарды сүрту, қоқысты шығару, ғимараттың сыртын тазалау және ауланы сыпыру сияқты жұмыстарды атқарады. Кем дегенде жылына бір рет анағұрлым ауқымды тазалау жұмыстары ұйымдастырылады. Осындай іске балаларды да қатыстыру арқылы оларды ғибадат орнын құрметтеуге үйретеміз (Уағыздаушы 5:1).

Қажетті жөндеу жұмыстарына атсалысыңыз. Жыл сайын Патшалық сарайының іші-сырты тексеріліп, жөндеу жұмыстары жасалып тұрады. Мұндай жұмыстардың дер кезінде жасалынуы қажетсіз шығынға ұшыраудан сақтайды (Шежірелер 2-жазба 24:13; 34:10). Таза да ұқыпты Патшалық сарайы Құдайға ғибадат ететін лайықты орын болып табылады. Тазалық жұмыстарына өз үлесімізді қосатын болсақ, Құдайды және оған ғибадат ететін орынды құрметтейтінімізді көрсетеміз (Зәбүр 122:1). Күтіп ұсталған Патшалық сарайы өзгелерге жақсы әсер ететіні шүбәсіз (Қорынттықтарға 2-хат 6:3).

  • Неге біз ғибадат орнына немкетті қарамауымыз керек?

  • Патшалық сарайын күтіп ұстау үшін қандай шаралар ұйымдастырылады?