Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

27-САБАҚ

Патшалық сарайындағы кітапхананы қалай пайдалануға болады?

Патшалық сарайындағы кітапхананы қалай пайдалануға болады?

Израиль

Чех Республикасы

Бенин

Кайман аралдары

Киелі кітап жайлы біліміңізді тереңдете түсу үшін біраз ізденіс жасағыңыз келер ме еді? Бәлкім, сізді Киелі кітаптағы қандай да бір тармақ, кейіпкер, зат не жер қызықтыратын шығар. Я болмаса: “Құдай Сөзі мені мазалап жүрген мәселені шешуге көмектесе ала ма?”— деп ойланған боларсыз. Ендеше біз сізді Патшалық сарайындағы кітапхананы қолдануға шақырамыз.

Ол жерде ізденіс жасауға көмектесетін көптеген құралдар бар. Сізде Ехоба куәгерлерінің Киелі кітапқа негізделген әдебиеттерінің кейбірі ғана бар шығар. Ал Патшалық сарайының кітапханасында соңғы жылдары шыққан әдебиеттердің көбісі сақталған. Сондай-ақ ол жерде Киелі кітаптың түрлі аудармалары, жақсы түсіндірме сөздігі және анықтамалық кітаптар да болуы мүмкін. Сіз кітапхананы жиналысқа дейін не одан кейін қолдансаңыз болады. Ол жерде компьютер орнатылған болса, оның ішінде “Күзет мұнарасының кітапханасы” да болуы мүмкін. Бұл электронды бағдарламада әдебиеттеріміздің басым бөлігі жинақталған. Оның іздеу функциясының көмегімен қандай да бір сөзді, тақырыпты не тармақты тез тауып алуға болады.

“Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” кездесуінің оқушылары үшін пайдасы зор. Сізге тапсырма берілген болса, оны дайындау үшін Патшалық сарайының кітапханасын қолдансаңыз болады. Кітапханаға “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” кездесуінің бақылаушысы жауап береді. Ол соңғы әдебиеттердің кітапханада болуын және олардың рет-ретімен орналасуын қадағалап отырады. Ол я болмаса сізбен Киелі кітап зерттеу сабағын өткізетін бауырлас қажетті мәліметті қалай іздеу керектігін көрсетіп бере алады. Алайда сондағы кітаптарды Патшалық сарайынан алып кетуге болмайды. Сондай-ақ кітаптарға жазып, сызуға болмайтынын және оларды ұқыптылықпен ұстау керектігін де ескерген жөн.

Киелі кітапта айтылғандай, “Құдай туралы білімді табу” үшін оны “жасырулы қазынадай” іздеуге ықыласымыз болу керек (Нақыл сөздер 2:1—5). Патшалық сарайының кітапханасы сізге осындай ізденіс жасауға көмектесе алады.

  • Патшалық сарайының кітапханасында ізденіс жасауға көмектесетін қандай құралдар бар?

  • Кітапхананы тиімді пайдалану үшін кімнен көмек сұрай аласыз?