Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

28-САБАҚ

Біздің веб-сайтымыздан қандай мәлімет таба аласыз?

Біздің веб-сайтымыздан қандай мәлімет таба аласыз?

Франция

Польша

Азия

Иса Мәсіх өзінің ізбасарларына: “Сендердегі жарық адамдар алдында жарқырап тұрсын. Осылайша олар игі істеріңді көріп, көктегі Әкелеріңді мадақтасын”,— деген (Матай 5:16). Сол себепті біз заманауи технологияны, оның ішінде ғаламторды да, барынша қолдануға тырысамыз. Мысалы, біздің jw.org деген ресми сайтымыздан Ехоба куәгерлерінің нанымдары мен атқарып жатқан істері жайлы көп мәлімет таба аласыз. Бұл сайттың қандай ерекшеліктері бар?

Жиі көтерілетін сұрақтардың жауабын Киелі кітаптан табуға болады. Сайтымыздан адамдарды толғандыратын кейбір маңызды сұрақтардың жауабын таба аласыз. Мысалы, “Қайғы-қасірет болмайтын кез келе ме?” және “Өлген адамдар өмірге қайта орала ма?” деп аталатын буклеттер онлайн түрде қолжетімді. Олар 900-ден астам тілге аударылған. Сондай-ақ сайттан 160-тан аса тілде жарық көрген “Жаңа дүние аудармасын”, “Күзет мұнарасы” мен “Ояныңдар!” журналының соңғы сандарын және “Киелі жазбалардан не білеміз?” басылымы сияқты Киелі кітапты зерттеуге арналған әртүрлі құралдарды таба аласыз. Бұл әдебиеттердің көбісін сайттың өзінен оқуға не тыңдауға болады, әрі оларды MP3, PDF не EPUB сияқты кең тараған форматтарда жүктеп алсаңыз болады. Сіз тіпті қызығушылық танытқан адамға оның тіліне аударылған басылымның бірнеше бетін қағазға басып шығара аласыз! Сонымен қатар сайтта көптеген ым тілінде жазылған бейне әдебиеттеріміз де бар. Бұған қоса, ол жерден Киелі кітаптың көркемдеп оқылуын, аудио драманы және жаныңызға жай беретін әсем әуендерді жүктеуіңізге болады.

Ехоба куәгерлері туралы сенімді мәлімет таба аласыз. Біздің сайтымызда дүниежүзілік ісімізге, Ехоба куәгерлерімен байланысты оқиғаларға және апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетуге қатысты соңғы жаңалықтар мен бейне материалдар да бар. Сондай-ақ ол жерден алдағы конгрестер жайлы мәліметті және филиалдардың мекенжайлары мен телефон нөмірлерін біле аласыз.

Біз осындай жолдармен шындықтың жарығын жердің түкпір-түкпірінде жарқыратудамыз. Антарктида сияқты жердің қиыр шетінде өмір сүретін адамдар да біздің басылымдарымызға қол жеткізе алады. Біз Ехобаның сөзі тез арада бүкіл дүниежүзіне тарап, оған даңқ әкелсін деп дұға етеміз (Салоникалықтарға 2-хат 3:1).

  • Ұйымымыздың jw.org сайты көп адамға Киелі кітаптағы шындықтарды үйренуге қалай көмектесіп жатыр?

  • Біздің веб-сайтымыздан қандай мәлімет алғыңыз келер еді?