Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

1-САБАҚ

Білгіміз келетін құпия

Білгіміз келетін құпия

Саған біреу ешкімге айтпа деп бір нәрсе айтқан ба? ~ * Айтқан болса, мұндай нәрсені құпия дейді. Өйткені оны басқа адамдар білмеу керек. Киелі кітапта “қасиетті құпия” деп аталған ерекше бір құпия бар. Қасиетті болған себебі — ол Құдайдың құпиясы. Бұл құпияны періштелер білгісі келген. Сенің де білгің келе ме? ~

Періштелер нені қатты білгісі келген?

Ұзақ уақыт бұрын Құдай алғашқы еркек пен әйелді жаратты. Олардың есімдері — Адам және Хауа. Екеуі Құдай жасап берген жұмақ бағында өмір сүрді. Бұл тамаша бақ Едем деп аталды. Адам мен Хауа Құдайдың тілін алғанда, олар балаларымен бірге бүкіл жер бетін тамаша баққа айналдырып, жұмақта өмір сүре берер еді. Бірақ олай болмады. Адам мен Хауаның не істегенін білесің бе? ~

Адам мен Хауа Құдайдың тілін алмады. Сондықтан біз қазір жұмақта өмір сүріп жатқан жоқпыз. Алайда Құдай бүкіл жер бетін әсем баққа айналдыратынын және барлық адам бақытты әрі мәңгі өмір сүретінін уәде етті. Құдай осы уәдесін қалай орындайды? Мұны адамдар ұзақ уақыт бойы білмей келді. Бұл құпия болды.

Иса жерге келгенде, адамдарға осы құпияны ашты. Бұл құпия Құдай Патшалығы жайлы болатын. Иса адамдарға Құдайға дұға етіп, сол Патшалықтың билік етуін сұраңдар деді. Себебі Патшалық жерді тамаша жұмаққа айналдырады.

Бұл құпияны білгеніңе қуаныштысың ба? ~ Жұмақта Ехобаның тілін алатындар ғана өмір сүретінін ұмытпа. Киелі кітапта Ехобаның тілін алып, оған мойынсұнған көп адамның оқиғасы жазылған. Солар жайлы білгің келе ме? ~ Ендеше, олардың кім екенін және оларға қалай еліктеуге болатынын көрейік.

^ 3-абзац Әңгіме барысында сұрақтан кейін қойылған мына (~) белгіні көресіз. Бұл — сәл кідіріп, балаңызға жауап беруге мүмкіндік беретін сәт.