Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

4-САБАҚ

Ол әкесін де, Ехобаны да қуантты

Ол әкесін де, Ехобаны да қуантты

Ефта Ехобаға қандай уәде берді?

Қиын болса да, Ефтаның қызы әкесінің уәдесін орындады

Мына суреттегі қызды көріп тұрсың ба? ~ Ол — Ефта деген кісінің қызы. Киелі кітапта оның есімі жазылмаған. Бұл қыз әкесін де, Ехобаны да қуантты. Кел, сол қыз бен оның әкесі Ефта жайында оқып білейік.

Ефта жақсы кісі болған. Ол қызына тәлім беріп, Ехоба жайлы көп нәрсе айтатын. Сондай-ақ Ефта мықты жауынгер әрі жақсы басшы еді. Сондықтан исраилдіктер одан сарбаздарды жауға қарсы бастап баруын өтінді.

Ефта Ехобаға дұға етіп, жауды жеңуге көмек сұрады. Егер жеңіспен оралса, үйінен бірінші болып шыққан адамды Ехобаға беруді уәде етті. Ол адам үйінен кетіп, Құдайдың киелі шатырында өмір бойы қызмет ету керек еді. Сол заманда адамдар киелі шатырға Құдайға сиыну үшін баратын болған. Сонымен, Ефта жауды жеңді! Үйіне оралғанда, алдынан бірінші болып кім шықты, білесің бе? ~

Ефтаның алдынан оның қызы шықты! Ол оның жалғыз қызы болатын. Ал енді ол үйден кету керек. Ефта бұған қатты қайғырды. Есіңде ме, ол уәде беріп қойған еді ғой. Сондықтан қызы оған: “Әке, Ехобаға уәде бердіңіз, енді оны орындау қажет”,— деді.

Жыл сайын достары Ефтаның қызына келіп тұратын

Қызының да көңілі түсті. Киелі шатырда қызмет ететіндіктен, ол тұрмысқа шығып, балалы бола алмайтын. Алайда қыз әкесінің уәдесін орындап, Ехобаны қуантуды қалады. Қыз үшін Ехобаны қуанту тұрмысқа шығып, балалы болудан әлдеқайда маңызды болды. Сондықтан ол үйінен кетіп, өмір бойы киелі шатырда қызмет етуді шешті.

Бұл қыздың әрекетіне әкесі мен Ехоба қуанды ма екен? ~ Әрине, қуанды. Сен де Ехобаның тілін алып, оны жақсы көрсең, Ефтаның қызына еліктейсің. Бұған ата-анаң мен Ехоба қатты қуанады.