Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

9-САБАҚ

Еремия Ехоба туралы айтуды доғармады

Еремия Ехоба туралы айтуды доғармады

Адамдар Еремияға неге ашуланды?

Ехоба Еремияны құтқарды

Ехоба туралы айтқанда, адамдар кейде бізге күледі не ашуланады. Сол кезде Ехоба туралы айтуды доғарғымыз келетін шығар. Сенде осындай жағдай болған ба? ~ Киелі кітапта Ехобаны жақсы көретін, бірақ ол туралы айтқысы келмей қалған бір жас жігіт жайлы жазылған. Оның есімі — Еремия. Кел, сол жайында оқиық.

Жас кезінде Еремия Ехобадан тапсырма алды. Ол адамдарды жаман істерін тастауға шақыру керек еді. Алайда бұл тапсырманы орындау Еремияға қиын әрі қорқынышты болды. Ол Ехобаға: “Мен не айту керектігін білмеймін, әлі жаспын”,— деді. Ехоба оған: “Қорықпа, мен саған көмектесемін”,— деді.

Еремия адамдарға ескерту айтып жүрді. Олар өзгермесе, жазаға тартылатын еді. Қалай ойлайсың, адамдар Еремияның сөзіне құлақ асты ма? ~ Жоқ, олар Еремияны мазақ етті, оған қатты ашуланды. Тіпті кейбіреулер оны өлтіргісі келді! Сонда Еремия не сезінді екен? ~ Ол қорыққанынан: “Бұдан былай Ехоба туралы айтпаймын”,— деді. Еремия қорқынышқа шынымен беріліп қалды ма? ~ Жоқ, берілмеді. Ехобаны қатты жақсы көргендіктен, ол туралы айтпай жүре алмады. Берілмегені үшін, Ехоба Еремияны құтқарып қалды.

Бұл былай болды. Жаман кісілер Еремияны балшықтанып жатқан шұңқырға тастап жіберді. Онда жейтін тамақ та, ішетін су да болмады. Әлгі кісілер Еремияның сол жерде өлгенін қалады. Бірақ Ехоба оған көмектесіп, Еремия аман қалды!

Сен Еремиядан қандай үлгі алдың? ~ Ол қорықса да, Ехоба туралы айтуды доғармады. Ехоба туралы айтқанда, адамдар саған да күлуі не ашулануы мүмкін. Сонда сен ұялатын не тіпті қорқатын шығарсың. Бірақ Ехоба туралы айтуды ешқашан доғарма. Ол Еремияға көмектескендей, саған да әрқашан көмектеседі.

КИЕЛІ КІТАБЫҢНАН ОҚЫ