Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Сол жақта: Лондонда далада өтіп жатқан кездесу (Англия, 1945 жыл); Оң жақта: Малавидегі арнайы бір күндік конгресс (Африка, 2012 жыл)

5-БӨЛІМ

Патшалық беріп отырған білім. Патшаның қызметшілеріне білім беру

Патшалық беріп отырған білім. Патшаның қызметшілеріне білім беру

СІЗ сахнадағы жас баяндамашыға сүйсініп, езу тартасыз. Бұл — оның конгресте алғаш рет баяндамамен шығуы. Баяндаманы тыңдай отырып, Құдай халқы алып жатқан білімнің кереметтігіне тәнті боласыз. Сіз оның алғаш тапсырмамен шыққан кезін де ұмыта қойған жоқсыз. Ал енді, міне, ол үлкен сахнада тұр. Алдымен ол теократиялық қызмет мектебіне жазылған еді, сосын Ізашарлық қызмет мектебін бітірді. Ал жақында жұбайымен бірге Патшалықты жариялаушыларға арналған мектепке барып келді. Оның керемет баяндамасынан кейін қол соға отырып, айналаңызға қарайсыз да, қызметшілерінің бәріне Құдайдың қандай білім беріп жатқаны жайлы ойға кетесіз.

Киелі кітапта Ехобаның күллі халқы оның өзінен тәлім алатын уақыттың келетіні айтылған (Ишая 54:13). Сол уақыт келіп жетті. Бүгінде біз әдебиеттерден ғана емес, жиналыстар мен конгрестерде, түрлі мектептерде білім аламыз. Мұндай мектептер бізді ұйымның ісіне көбірек үлес қосуға дайындау мақсатымен ұйымдастырылған. Бұл бөлімде осындай білім беру бағдарламасы Құдай Патшалығының билік етіп жатқанын қалай дәлелдейтіні қарастырылады.

БҰЛ САНАТТА

16-ТАРАУ

Ғибадат ету үшін бас қосу

Ехобаға ғибадат етуге арналған жиындардың барынша пайдасын көру үшін не істеуге болады?

17-ТАРАУ

Патшалықтың азаматтарына қызметтерін атқаруды үйрету

Ехоба куәгерлерінің мектептерінде бауырластар қызметтерін толықтай атқаруды қалай үйренеді?