Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Сол жақта: Германиядағы бауырластарға Швейцариядан жіберілген гуманитарлық көмек (1946 жыл); Оң жақта: Бауырластар Жапонияда болған цунамиден кейін Патшалық сарайын қалпына келтіріп жатыр (2011 жыл)

6-БӨЛІМ

Патшалықты қолдау. Ғибадат орындарын соғу мен көмек көрсету шаралары

Патшалықты қолдау. Ғибадат орындарын соғу мен көмек көрсету шаралары

СІЗ Патшалық сарайына кірдіңіз де, оны танымай қалдыңыз: ол жапа шеккендерге көмек көрсету орталығына айналыпты. Бірнеше жыл бұрын өзіңіз құрылысына қатысқан бұл Сарайды сіз үнемі мақтан тұтатынсыз. Ал енді мақтанышыңызға мақтаныш қосылды.

Сіз тұратын аймақ жақында болған дауыл мен селден қатты жапа шеккен еді. Филиал комитеті зардап шеккендерге азық-түлік, киім-кешек, ауызсу сияқты заттар жеткізу үшін тез арада шара қолданды. Гуманитарлық көмек Патшалық сарайына тап-тұйнақтай етіп жиналыпты. Бауырластар келіп, қажеттерін алып жатыр. Біразының қуанғаннан көздеріне жас үйірілуде.

Иса шәкірттерінің өзара сүйіспеншілігімен ерекшеленетінін айтқан (Жох. 13:34, 35). Бұл бөлімде біз құрылыс және зардап шеккендерге көмек көрсету ісінде Ехоба куәгерлерінің сүйіспеншілігі қалай көрініс табатынын қарастырамыз. Мұндай сүйіспеншілік — Патшамыз Исаның басшылығымен өмір сүріп жатқанымыздың белгісі.

БҰЛ САНАТТА

18-ТАРАУ

Патшалық ісін қаржыландыру

Қаржы қайдан келеді? Ол қалай жұмсалады?

19-ТАРАУ

Ехобаның даңқын асыратын құрылыстар

Ғибадат орындары Ехобаның даңқын асырады, бірақ ол үшін бұдан да бағалы нәрсе бар.

20-ТАРАУ

Жапа шеккендерге көмек көрсету

Неге жапа шеккендерге көмек көрсету Ехобаға арналған қасиетті қызмет деуге болады?