137-ән
Батылдық дарыта көр
-
Патшалық жайлы, Ехоба,
Айтамыз бар халыққа.
Уағызда көп кезіксек те,
Қарсылық пен қорлыққа.
Бой алдырмай үрейге,
Сенім артамыз өзіңе.
Рухыңды беріп, нығайта көр,
Уа, Ехоба, қамқор Әке!
Қайырмасы:
Уағыздауға бел байладық,
Дарыта көр батылдық.
Халықтарға жеткізейік
Орнады деп Патшалық.
Сот күнің қол созым жерде,
Уағыздаймыз шұғыл түрде.
Жолдаймыз бұл дұғамызды
Бір өзіңе.
-
Топырақпыз, содан болар,
Қорқыныш бойды алар.
“Күш беріп, қолдаймын” деген
Сөздерің демеу болар.
Халқыңа күйе жағып,
Біреулер жүр беттен қағып.
Тыя көр жалған айыптарын,
Оларға назар аударып.
Қайырмасы:
Уағыздауға бел байладық,
Дарыта көр батылдық.
Халықтарға жеткізейік
Орнады деп Патшалық.
Сот күнің қол созым жерде,
Уағыздаймыз шұғыл түрде.
Жолдаймыз бұл дұғамызды
Бір өзіңе.
(Сал. 1-х. 2:2; Евр. 10:35 қараңыз.)