154-ән
Табанды боламыз
-
Сын сағат туса,
Адал болып қалам ба екен?
Көз тігіп алға,
Иса да көп азап шеккен.
Сыйды ол алдағы
Ойлап, үміт еткен.
Қайырмасы:
Соңғы күнге дейін біз
Табанды боламыз.
Құдай сүйіп, қолдайды,
Тура жолда қазықтай тұрамыз.
-
Ай, жыл өтсе де,
Көп қайғы-мұң әкеп бізге.
Көз жасын сүртіп,
Ұмтыламыз шын өмірге.
Бар уайым жоқ болып,
Қуанамыз бірге.
Қайырмасы:
Соңғы күнге дейін біз
Табанды боламыз.
Құдай сүйіп, қолдайды,
Тура жолда қазықтай тұрамыз.
-
Тұрмыз тайсалмай,
Жоқ қорқыныш, күмән мүлде.
Сот күні жақын,
Адал боп жүреміз күнде.
Табанды болайық,
Дайын алар жүлде.
Қайырмасы:
Соңғы күнге дейін біз
Табанды боламыз.
Құдай сүйіп, қолдайды,
Тура жолда қазықтай тұрамыз.
(Ел. іс. 20:19, 20; Жақ. 1:12; Пет. 1-х. 4:12—14 қараңыз.)