Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

4-СҰРАҚ

Қателіктерімді қалай түзесем болады?

Қателіктерімді қалай түзесем болады?

БҰЛ СҰРАҚТЫҢ МАҢЫЗЫ

Өз қателіктеріңді мойындай білсең, жауапты әрі сенімді адам болып өсесің.

СЕН НЕ ІСТЕР ЕДІҢ?

Мына жағдайды елестетіп көрші: Тим достарымен бірге доп ойнап жүріп, көрші ауладағы көліктің әйнегін сындырып қояды.

Тимнің орнында болсаң, сен не істер едің?

ТОҚТА ДА, ОЙЛАН!

СЕН 3 ТҮРЛІ ЖОЛМЕН ӘРЕКЕТ ЕТЕ АЛАСЫҢ:

  1. А. Қашып кету.

  2. Ә Кінәні өзге біреуге жаба салу.

  3. Б. Кінәңді мойындап, көршіге сынған әйнектің ақысын төлейтініңді айту.

Сен А нұсқасын таңдағың келер. Бірақ әйнекті сындырып қойсаң не тағы басқа қателік істесең, кінәңді мойындағаның жақсы.

КІНӘҢДІ МОЙЫНДАУҒА ТАЛПЫНДЫРАТЫН 3 СЕБЕП

  1. Кінәңді мойындасаң, дұрыс істейсің.

    Киелі кітапта: “Біз барлық жағдайда адал жүріп-тұрғымыз келеді”,— делінген (Еврейлерге 13:18).

  2. Басқалар кінәсін мойындаған адамды көп жағдайда кешіреді.

    Киелі кітапта: “Күнәларын жасырған өркендемес, ал мойындап, оларды тастаған рақым көрер”,— делінген (Нақыл сөздер 28:13).

  3. Ең бастысы — солай еткенің Құдайға ұнайды.

    Киелі кітапта: “Ехоба арамза адамнан жеркенеді, шыншыл адаммен жақын дос болады”,— делінген (Нақыл сөздер 3:32).

20 жасар Карина әкесінің көлігін айдай тұруға алған болатын. Ол жылдамдықты асырып, сол үшін айыппұл төлеу туралы хабарлама алды. Бірақ ол мұны мәңгі жасырып жүре алмады. Ол былай дейді: “Шамамен бір жылдан кейін әкем менің атыма жазылған айыппұл хабарламасын көріп қойды. Содан басым бәлеге қалды!”

Бұдан қандай сабақ аламыз? Карина былай дейді: “Қателігіңді жасырсаң, жағдайды одан сайын ушықтырасың. Кейін бәрібір сол үшін жауап беруің керек болады ғой!”

ӨЗ ҚАТЕЛІКТЕРІҢНЕН САБАҚ АЛ

Киелі жазбаларда: “Бәріміз де көп сүрінеміз”,— делінген (Жақып 3:2). Мұндайда қателігіңді мойындасаң әрі мұны дұрыс жолмен істесең, өзіңді кішіпейіл әрі ақылы толысқан адам ретінде танытасың.

Келесі қадам — қателіктеріңнен сабақ алу. Вера есімді қыз былай дейді: “Мен әрбір қателігімнен сабақ аламын. Келесі жолы сондай жағдайға кезіккенде дұрыс әрекет етіп, жақсы жаққа қарай өзгеруге тырысамын”. Сен де солай істей аласың.

Сен әкеңнің велосипедін алып, оны байқамай сындырып қойдың делік. Енді не істейсің?

  • Әкең ештеңе байқамайды деген оймен болған жайтты жасырасың.

  • Әкеңе бәрін еш бүкпесіз айтып бересің.

  • Әкеңе болған жайтты айтасың, бірақ кінәні басқа біреудің мойнына артасың.

Дайындалмай барғандықтан, бақылау жұмысынан жаман баға алдың делік. Енді не істейсің?

  • Сұрақтар тым қиын болды деп шағымданасың.

  • Бұған өзің кінәлі екеніңді мойындайсың.

  • Мұғалім саған қасарысқандықтан, әдейі жаман баға қойды деп ойлайсың.

Қателіктеріңді мойындағаннан кейін, оларды ойлай берсең, көлікті айдап келе жатып, маңдайындағы айнаға қайта-қайта қарай берген сияқты боласың

Алдында айтылған мысалдарға оралып, өзіңді 1) әкеңнің, 2) мұғалімнің орнына қойып көр. Қателігіңді еш қымсынбай мойындасаң, әкең мен мұғалімің сен жайлы қандай ойда болар еді? Ал жасыруға тырыссаң, олар не ойлап қалады?

Енді соңғы бір жылда жасаған қателіктеріңді еске алып, келесі сұрақтарға жауап беріп көр.

Ол қандай қателік еді? Сол жағдайда сен не істедің?

  • Жасырып қалдым.

  • Кінәні басқаға жаба салдым.

  • Еш қымсынбай мойындадым.

Кінәңді мойындамаған болсаң, артынан не сезіндің?

  • Құтылып кеткеніме қуандым!

  • Өзімді кінәлі сезіндім, шындықты айтуым керек еді.

Сол кезде не істегенің дұрыс болар еді?

Қателігіңнен қандай сабақ алдың?

СЕН НЕ ОЙЛАЙСЫҢ?

Неге кейбір адамдар кінәларын мойындамайды?

Кінәңді ылғи жасыра беретін болсаң, адамдар сен туралы қандай ойда болады? Ал мойындайтын болсаң ше? (Лұқа 16:10).