Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

5-СҰРАҚ

Мектепте бұзақылар тиіссе, не істесем болады?

Мектепте бұзақылар тиіссе, не істесем болады?

БҰЛ СҰРАҚТЫҢ МАҢЫЗЫ

Сенің оларға қалай жауап бергенің жағдайды я жақсартуы, я ушықтыруы мүмкін.

СЕН НЕ ІСТЕР ЕДІҢ?

Мына жағдайды елестетіп көрші: Томас бүгін мектепке барғысы келмейді. Ертең де. Тіпті ешқашан. Бұның бәрі осыдан үш ай бұрын, сыныптастары ол жайлы өсек таратқанда, басталған еді. Сосын оған мазақтап ат қойды. Кейде біреулер Томастың оқулықтарын қолынан қағып түсіріп, байқамай қалғандай сыңай танытады. Тағы біреулер арқасынан итеріп жіберіп, түк болмағандай тұрады. Томас болса кім итергенін білмей қалады. Кеше біреулер Томасқа интернет арқылы хабарлама жіберіп қорқытқанда, жағдай одан сайын ушықты.

Сен Томастың орнында болсаң, не істер едің?

ТОҚТА ДА, ОЙЛАН!

Сен өзіңді дәрменсіз сезінетін шығарсың. Бірақ бұл, шын мәнінде, олай емес! Сәл ойлансаң, бұзақыларды жұдырықсыз-ақ жеңе аласың. Қалай дейсің бе?

  • МӘН БЕРМЕУГЕ ТЫРЫС. Киелі кітапта: “Ақымақ бар сезімін сыртқа шығарар, ақылды сабыр сақтап, тізгіндер”,— делінген (Нақыл сөздер 29:11). Мүмкіндігінше сабыр сақтасаң, я кем дегенде солай көрінуге тырыссаң, бұзақылар саған тиісуден еш қызық таппауы мүмкін.

  • ӨШ АЛМА. Киелі жазбаларда “жамандыққа жамандықпен қайтармаңдар” деген кеңес бар (Римдіктерге 12:17). Өш алуға тырыссаң, жағдайды одан сайын ушықтырып жібересің.

  • САУ БАСЫҢА САҚИНА ТІЛЕМЕ. Киелі кітапта: “Парасатты қатерді көріп, бас сауғалар”,— делінген (Нақыл сөздер 22:3). Шатақ шығарғыш адамдардан және бұзақылар тиісуі мүмкін жағдайлардан мүмкіндігінше қашық жүр.

  • КҮТПЕГЕН ЖАУАП ҚАЙТАРЫП КӨР. Киелі жазбаларда: “Биязы жауап ашуды басар”,— деп жазылған (Нақыл сөздер 15:1). Тіпті қалжың араластырып жауап берсең болады. Мысалы, біреу сені “ботқа” деп мазақтаса, үсті-басыңа бір қарап қойып: “Есіме салғаның жақсы болды”,— деп қалжыңдап қой.

  • КЕТІП ҚАЛ. 19 жасар Нора былай дейді: “Сөз қайтармай кетіп қалсаң, келеке еткен бұзақыға ұқсамайтыныңды, өзіңді есейген әрі ерік-жігері мықтырақ адам екеніңді, көрсетесің. Сенің ұстамды екенің анық болады, ал бұл — сол бұзақыда жоқ керемет қасиет” (Тімөтеге 2-хат 2:24).

  • ӨЗ-ӨЗІҢЕ ДЕГЕН СЕНІМДІЛІГІҢДІ АРТТЫР. Өз-өздеріне сенімсіз болғандықтан тойтарыс бере алмайтын адамдарды бұзақылар бірден сезіп қояды. Ал егер өзің үшін жауап бере алатын адам екеніңді көрсетсең, көп бұзақылардың саған тиісуге батылы бармайды.

  • АЙТЫП БЕР. Бұрын мұғалім болған бір кісі былай дейді: “Бұзақылардан жапа шеккендердің бәріне айтарым — бұл жайлы үлкендерге айтып бергендерің дұрыс. Осылай басқа бұзақылықтардың алдын аласыңдар”.

Өз-өзіңе сенімді болсаң, бұзақыда жоқ ерік-жігерге ие боласың