Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

10-СҰРАҚ

Киелі кітаптың маған қандай пайдасы бар?

Киелі кітаптың маған қандай пайдасы бар?

БҰЛ СҰРАҚТЫҢ МАҢЫЗЫ

Киелі кітапта “Киелі жазбалардың бәрі Құдай рухының жетелеуімен жазылған” деген сөздер бар (Тімөтеге 2-хат 3:16). Бұл рас болса, онда Киелі кітап сені тура жолмен жетелей алады.

СЕН НЕ ІСТЕР ЕДІҢ?

Мына жағдайды елестетіп көрші: Дэвид бір бейтаныс жерде көлік айдап келеді. Бір кезде жол белгілері мен жан-жағындағы ғимараттарға қарап, адасып кеткенін түсінеді. Ол басқа бағытқа бұрылып кеткен көрінеді.

Дэвидтің орнында болсаң, сен не істер едің?

ТОҚТА ДА, ОЙЛАН!

Келесідей үш түрлі жолмен әрекет ете аласың:

  1. А. Адамдардан жол сұрау

  2. Ә. Картаны не GPS құралын қолдану

  3. Б. Көздеген жерге әйтеуір бір жетермін деп, жүре беру

Бұл жерде ең тиімсізі Б нұсқасы екені анық.

Ал Ә нұсқасы А нұсқасына қарағанда ұтымдырақ. Себебі карта не GPS құралы саған жол бойы тура бағытты көрсетіп отырады.

Киелі кітап саған дәл осылай көмектесе алады!

Кең таралған бұл құнды кітап...

  • өмірде қиындықтарға кезіккенде қажетті бағыт-бағдар береді

  • өз-өзіңді танып, жақсы адам болуға көмектеседі

  • нағыз бақытқа қол жеткізуге көмектеседі

ӨМІРЛІК СҰРАҚТАРДЫҢ ЖАУАБЫ

Біз тіліміз шыға салысымен-ақ сұрақтар қоя бастаймыз.

  • Аспан неге көк?

  • Жұлдыздар неге жарқырайды?

Ал өсе келе өмірге қатысты сұрақтарымыз пайда болады.

Бұл сұрақтардың жауабы Киелі кітапта жазылып кеткен болса ше?

Көп адам Киелі кітапты аңыз-әңгімеге толы кітап дейді. Кейбіреулері ескірген десе, тағы біреулері түсінуге қиын кітап деп ойлайды. Бірақ Киелі кітап шын мәнінде сондай ма, әлде бұл жай ғана адамдардың ойы ма? Олардың қателесуі мүмкін бе?

Бір мысал қарастырайық. Кейбіреулердің ойынша, Киелі кітапта дүниені Құдай билеп отыр деп жазылған. Алайда бұлай болуы мүмкін бе? Дүниедегі жағдай әбден ушығып кеткен! Адамдар кайғы-қасірет шегуде, ауруға шалдығып, өлім құшуда, жоқшылық пен апаттардан зардап шегуде. Осының бәріне мейірімді Құдай жауапты болуы мүмкін бе?

Осы сұрақтың жауабын білгің келе ме? Киелі кітапта бұған қатысты не делінгені сені таңғалдыруы мүмкін!

Өзің байқағандай, бұл кітапшадағы ақыл-кеңестер Киелі жазбаларға негізделген. Ол қадамымызға тура бағыт бере алады. Ехоба куәгерлері осыған кәміл сенеді. Не себепті? Өйткені “Киелі жазбалардың бәрі Құдай рухының жетелеуімен жазылған, әрі тәлім беруге, әшкерелеуге, түзетуге тиімді” (Тімөтеге 2-хат 3:16, 17). Ертеде жазылғанмен, заманауи осы кітапты жақсы білгенің саған көп пайда әкелері сөзсіз!