Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

1-ТАРАУ

Құдай аспан мен жерді жаратты

Құдай аспан мен жерді жаратты

Ехоба Құдай — біздің Жаратушымыз. Көзімізге көрінетін нәрселерді де, көрінбейтін нәрселерді де сол жаратқан. Көзбен көруге болатын нәрселерді жасамас бұрын ол өте көп періште жаратты. Сен періштелер деген кімдер екенін білесің бе? Періштелер деген — Ехобаның қызметшілері. Олар Ехобаның өзіне ұқсайды. Біз Құдайды да, періштелерді де көре алмаймыз. Ехоба жаратқан ең бірінші періште оның көмекшісі болды. Ол Ехобаға жұлдыздарды, планеталар мен басқа да нәрселерді жаратуға көмектесті. Сол планеталардың бірі — Жер планетасы. Ол — біздің әдемі үйіміз.

Бұдан кейін Ехоба жерге күн сәулесін төккізді, таулар мен мұхиттар, өзендер жаратты. Осылай жерде жануарлар мен адамдар тұра алатындай етті.

Сосын не болды? Ехоба: “Енді мен шөпті, басқа да өсімдіктер мен ағаштарды жаратамын”,— деді. Содан жерде әртүрлі жемістер, көкөністер мен гүлдер өсіп шыға бастады. Бұдан соң ол аспанда ұшатын, суда жүзетін, жерде жорғалап жүретін барлық жануарларды жаратты. Олардың кейбірі тышқан сияқты кішкентай болса, кейбірі піл сияқты үлкен болды. Сен қандай жануарларды жақсы көресің?

Сосын Ехоба бірінші періштеге: “Адам жаратайық”,— деді. Адамдар жан-жануарлардан өзгеше болу керек еді. Олар бірдеңе ойлап шығара алатын, сөйлеп, күле алатын, дұға ете алатын болу керек еді. Адамдар жер мен жануарларға қамқорлық ету керек болды. Сен ең бірінші жаратылған адамның кім екенін білесің бе? Бұны келесі тараудан оқимыз.

“Әуел баста Құдай аспан мен жерді жаратты” (Мұсаның 1-жазбасы 1:1).