Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

2-ТАРАУ

Құдай алғашқы ер мен әйелді жаратты

Құдай алғашқы ер мен әйелді жаратты

Ехоба бақ отырғызып, оны Едем деп атады. Едем бағында гүлдер, ағаштар мен жан-жануарлар көп болды. Сосын Құдай топырақтан Адам атаны жасап, мұрнына үрледі. Сонда не болғанын білесің бе? Ол тірі адам болып шыға келді! Ехоба оған жан-жануарларға қарауды және әрқайсысына ат қоюды тапсырды.

Ехоба Адам атаға маңызды бір бұйрық берді. Ол: “Барлық ағаштардың жемісін жей бер, бірақ мына ағаштың жемісін жеме. Егер оның жемісін жесең, өлесің”,— деді.

Кейінірек, Ехоба: “Мен Адамға көмекші жаратып беремін”,— деді де, Адам атаны қатты ұйықтатып тастады. Сосын оның бір қабырғасын алып, әйел жаратып берді. Әйелге Хауа деген ат қойды. Сөйтіп, Адам ата мен Хауа ана алғашқы отбасы болды. Адам атаға әйелі ұнады ма? Иә, ол қатты қуанып, былай деді: “Ехоба менің қабырғамнан кімді жаратып бергенін қарашы! Өзім сияқты біреудің болғаны қандай жақсы!”

Ехоба Адам ата мен Хауа анаға балалы болып, жер бетін толтырыңдар деді. Құдай олардың бірге еңбек етіп, жер бетін Едем бағы сияқты керемет жұмаққа айналдырғанын қалады. Бірақ олай болмады. Мұның себебін келесі тараудан білеміз.

“Жаратушы о баста адам баласын бірін еркек, бірін әйел етіп жаратты” (Матай 19:4).