Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

5-ТАРАУ

Нұх кеме соқты

Нұх кеме соқты

Уақыт өте жер бетінде адамдар көбейе түсті. Олардың басым көпшілігі жаман болды. Тіпті кейбір періштелер де жаман болып кетті. Олар аспандағы үйлерін тастап, жер бетіне келді. Мұны не үшін істегендерін білесің бе? Адамдардікіндей дене алып, әйелдерге үйлену үшін.

Сондай періштелер мен әйелдерден ұлдар туылып, үлкен әрі бұзақы болып өсті. Бұл бұзақылар адамдарға жамандық жасайтын. Ехоба бұны тоқтатқысы келді. Сондықтан жаман адамдарды топан сумен жойып жібермек болды.

Бірақ жер бетінде әлгі бұзақыларға ұқсамайтын бір адам бар еді. Ол Ехобаны жақсы көрді. Оның аты — Нұх. Нұхтың әйелі мен Шам, Хам, Япші деген үш ұлы және үш келіні болды. Ехоба Нұх пен оның отбасы топан судан аман қалу үшін, олар үлкен кеме соғу керек екенін айтты. Олар кемені төртбұрышты әрі суға батпайтындай етіп соғу керек болды. Ехоба Нұхқа кемеге көп жан-жануарларды да кіргіз деді. Сонда олар да аман қалмақ еді.

Нұх бірден кеме соға бастады. Ол отбасымен бірге кемені 50 жылдай соқты. Олар кемені тура Ехоба айтқандай етіп тұрғызды. Ал құрылыс кезінде, ол топан су болатынын адамдарға ескертті. Бірақ оны ешкім тыңдамай қойды.

Сөйтіп, кемеге кіретін уақыт келді. Келесі тараудан бұдан кейін не болғанын білейік.

“Нұх пайғамбардың заманында жағдай қандай болған болса, Адам Ұлы осында болған кезде де сондай болады” (Матай 24:37).