Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

7-ТАРАУ

Бабыл мұнарасы

Бабыл мұнарасы

Топан судан кейін Нұхтың ұлдары мен келіндерінің балалары көп болды. Ехоба айтқандай, олар көбейіп, әртүрлі жерлерге көшіп, сонда қоныс тепті.

Алайда кейбір отбасылар Ехобаның тілін алмай, былай деді: “Келіңдер, өзімізге қала соғып, ешқайда көшпей осында тұрайық. Төбесі аспанға дейін жететін биік мұнара соғып, атақты болайық”.

Бірақ бұл Ехобаға ұнамады. Сондықтан ол құрылысты тоқтатпақшы болды. Ехобаның не істегенін білесің бе? Ол құрылысшыларды бір сәтте әртүрлі тілде сөйлеткізіп қойды. Сөйтіп, олар бір-бірін түсіне алмады. Сондықтан құрылыс тоқтап қалды. Олар соққысы келген қала Бабыл деп аталып кетті. Бұл сөз “шатасу” дегенді білдіреді. Адамдар сол жерден көшіп, жер бетіне тарай бастады. Бірақ олар көшкен жерлерінде де жамандық істей берді. Сол заманда Ехобаны жақсы көрген адамдар болды ма? Бұл жайлы келесі тараудан білеміз.

“Өзін жоғарылатқан әркім төмендетіледі, ал өзін төмен тұтқан әркім жоғарылатылады” (Лұқа 18:14).