Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

8-ТАРАУ

Ыбырайым мен Сара Құдайдың тілін алды

Ыбырайым мен Сара Құдайдың тілін алды

Бабыл қаласына жақын жерде Ур деген қала бар болатын. Ол жердегі адамдар Ехобаға емес, басқа құдайларға табынатын. Бірақ сол қалада тек Ехобаға қызмет еткен бір кісі бар еді. Оның аты — Ыбырайым.

Бірде Ехоба оған: “Үйің мен туысқандарыңды тастап, мен көрсеткен жерге бар”,— деді. Сосын оған мынаны уәде етті: “Сенен үлкен халық шығады. Мен сен арқылы бүкіл жер бетіндегі көп адамға жақсылық жасаймын”.

Ыбырайым Ехобаның оны қайда жіберетінін білген жоқ. Бірақ ол Ехобаға сенім артып, айтқанын істеді. Сөйтіп, Ыбырайым, әйелі Сара, әкесі Тарах, інісі Лұт заттарын жинап, ұзақ жолға шықты.

Ыбырайым отбасымен Ехоба көрсеткен жерге жеткенде, 75 жаста еді. Олар Қанахан деген жерге келіп тоқтады. Сонда Ехоба Ыбырайымға: “Көзің көріп тұрған жердің бәрін сенің балаларыңа беремін”,— деп уәде етті. Бірақ қартайып қалған Ыбырайым мен Сараның балалары жоқ еді. Олай болса, Ехоба берген уәдесін қалай орындайды?

“Сенімі болғандықтан Ыбырайым... мойынсұнып, [Құдайдың] уәде еткен жеріне барды. Қайда бара жатқанын білмесе де, жолға шықты” (Еврейлерге 11:8).