Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

9-ТАРАУ

Көптен күткен бала

Көптен күткен бала

Ыбырайым мен Сара Ур қаласындағы жайлы үйлерін тастап, шатырда тұрып жатты. Бірақ Сара бұған наразы болған жоқ, өйткені Ехобаның оларға тек жақсылық тілейтінін білді.

Ыбырайым мен Сараның үйленгендеріне көп жыл болған еді. Сара балалы болғысы келетін. Сондықтан ол Ыбырайымға: “Қызметшім Ажар сенен бала туса, өз баламдай болар еді”,— деді. Сөйтіп, Ажар ұл бала туды. Ыбырайым оған Ысмағұл деген ат қойды.

Көп жыл өткен соң, Ыбырайым 99 жаста, ал Сара 89 жаста болғанда, оларға үш қонақ келді. Ыбырайым оларды ағаштың көлеңкесінде демалуға шақырып, тамақ берді. Бұл үшеуі кім болғанын білесің бе? Олар періштелер еді! Періштелер Ыбырайымға былай деді: “Келесі жылы осы уақытта әйелің саған ұл туып береді”. Бұл сөздерді шатырдың ішінде жүрген Сара да естіді. Ол іштей күліп: “Мен кәрі болсам да, бала туамын ба?”— деп ойлады.

Періште айтқандай, Сара бір жылдан кейін ұл туды. Ыбырайым оның атын Ысқақ деп қойды. Бұл ат “күлкі” дегенді білдіреді.

Ысқақ бестерде болғанда, Сара Ысмағұлдың оны мазақтап жүргенін көрді. Ұлын қорғау үшін Сара Ыбырайымға барып, Ысмағұл мен Ажар үйден кетсін дейді. Басында Ыбырайым олай істегісі келмейді. Бірақ Ехоба да Ысқақты қорғағысы келді. Сондықтан Ыбырайымға: “Сараны тыңда. Ысмағұлдың қамын өзім ойлаймын. Бірақ менің уәделерім Ысқақ арқылы орындалады”,— деді.

“Сенімі болғандықтан Сара... ұрпақ әкелу үшін күш алды. Себебі уәде берушіні өз сөзіне адал деп санады” (Еврейлерге 11:11).