Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

10-ТАРАУ

Лұттың әйелі Құдайды тыңдамады

Лұттың әйелі Құдайды тыңдамады

Лұт ағасы Ыбырайыммен бірге Қанахан жерінде тұрып жатты. Уақыт өте олардың малының көбейгені сонша — оларды жаятын жер аз болды. Сондықтан Ыбырайым Лұтқа: “Екеуміз бір жерге сыймай жатырмыз. Өзіңе ұнаған жерді таңдап алшы, қалғанын мен алайын”,— деді. Ыбырайым өзінің емес, Лұттың қамын ойлады.

Лұт Содом қаласының айналасындағы бір әдемі жерді көрді. Ол жердің суы мен шөбі мол еді. Сондықтан Лұт сол жерді таңдап, кейін отбасымен Содом қаласына көшті.

Содом мен оның қасындағы Ғомора қаласының тұрғындары өте жаман еді. Жаман болғаны сонша — Ехоба осы екі қаланы жойып жібермекші болды. Бірақ Лұт пен отбасын аман алып қалғысы келді. Сондықтан оларға екі періште жіберіп: “Тезірек қаладан шығыңдар! Ехоба оны жояйын деп жатыр”,— деп ескертті.

Лұт кетуге асықпай, жүріп алды. Сонда екі періште: “Аман қалу үшін тезірек қашыңдар! Арттарыңа қарамаңдар, әйтпесе өлесіңдер!”— деп, Лұтты, әйелі мен екі қызын қолдарынан жетелеп, қаладан алып шықты.

Олар Сиғор қаласына жеткенде, Ехоба Содом мен Ғомораға аспаннан күкірт пен от жаудырды. Осылай сол екі қаланы тып-типыл етіп жойып жіберді. Бірақ Лұттың әйелі Ехобаны тыңдамай, артына қарап қойды. Сөйтіп, ол тұз бағанаға айналып кетті! Лұт пен қыздары оның Ехобаны тыңдамағанына қатты қайғырған шығар. Әйтсе де Ехобаның тілін алғандықтан өздері аман қалғандарына қуанды.

“Лұттың әйелін есте ұстаңдар!” (Лұқа 17:32).