Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

12-ТАРАУ

Жақып мұраға ие болды

Жақып мұраға ие болды

Ысқақ 40 жасқа келгенде Рабиға деген қызға үйленді. Ол Рабиғаны қатты жақсы көрді. Біраз уақыт өте Рабиға егіз бала туды.

Олардың үлкен ұлдарының аты — Есау, ал кішісінікі Жақып болды. Есау далада жүріп, аң аулағанды жақсы көретін. Жақыпқа болса үйде жүрген ұнайтын.

Ол заманда әкесі өлгенде, артында қалған жері мен ақшасының көп бөлігі үлкен баласына тиесілі болатын. Бұл мұра деп аталады. Ал Ысқақтың әулетінде Ехобаның Ыбырайымға берген уәделері де мұра ретінде берілетін. Есау бұл уәделерді бағаламады, ал Жақып оларды маңызды деп санады.

Бірде Есау күні бойы аң аулап, үйіне қатты шаршап келді. Мұрнына Жақып пісіріп жатқан дәмді тамақтың иісі келіп, ол інісіне: “Аштан өлейін деп тұрмын! Анау қызыл көжеңнен берші”,— деді. Бұған Жақып: “Жарайды, берейін. Бірақ алдымен өз мұраңды маған беремін деп уәде ет”,— деп жауап берді. Есау болса: “Алсаң, ала бер! Менің қарным ашып тұр, сол мұраны қайтемін”,— деді. Сеніңше, Есау дұрыс істеді ме? Әрине, жоқ. Ол небәрі бір табақ көже үшін өте бағалы мұрадан айырылып қалды.

Ысқақ қатты қартайып, үлкен ұлына батасын беретін уақыт келді. Бірақ Рабиға батаны кіші ұлы Жақыптың алуына көмектесті. Бұны Есау білгенде, қатты ашуланып, інісін өлтіргісі келді. Бірақ Ысқақ пен Рабиға кіші ұлдарын қорғау үшін, оған: “Есаудың ашуы басылғанша, анаңның ағасы Лабанның үйіне барып тұра тұр”,— дейді. Жақып ата-анасының тілін алып, сол жаққа қашып кетеді.

“Адам бүкіл дүниеге ие болып, бірақ жанынан айырылса, бұдан оған не пайда? Расында да, адам өз жаны үшін не бере алады?” (Марқа 8:36, 37).