Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

103-ТАРАУ

“Сенің Патшалығың келсін!”

“Сенің Патшалығың келсін!”

Ехоба мынадай уәде берді: “Енді қайтып жылау, ауру мен өлім болмайды. Мен олардың көзіндегі әрбір жасты сүртіп тастаймын. Бұрынғы жаман жайттардың бәрі ұмытылады”.

Ехоба Құдай Адам ата мен Хауа ананы бейбіт әрі бақытты өмір сүрсін деп Едем бағына қоныстандырған болатын. Олар көктегі Әкелеріне ғибадат етіп, жер бетін балаларымен толтыру керек еді. Өкінішке қарай, Адам мен Хауа Ехобаның тілін алмады. Бірақ Құдай өзінің ой-ниетін еш өзгертпеді. Осы кітаптан көргеніміздей, оның берген әрбір уәдесі орындалады. Оның Ыбырайымға берген уәдесіне сай, Патшалығы жер бетіне тамаша баталар әкеледі.

Жақында Шайтан, оның жын-перілері мен барлық жаман адамдар құрып жоқ болады. Ал аман қалғандардың бәрі Ехобаға ғибадат етеді. Біз ешқашан ауырмаймыз, өлмейміз. Қайта, күнде таңертең оянғанда, күш-жігеріміз тасып, өмір сүріп жатқанымызға қуанатын боламыз. Бүкіл жер беті жұмаққа айналады. Әркімнің дәмді тамағы, қауіпсіз үйі болады. Қатыгез, зұлым адамдар болмайды, тек мейірімді жандар болады. Жабайы аңдар бізден, ал біз олардан қорықпаймыз.

Ехоба адамдарды қайта тірілте бастағанда, нағыз қызық сонда болмақ. Біз Әбіл, Нұх, Ыбырайым, Сара, Мұса, Рут, Естер, Дәуіт сияқты ежелде өмір сүрген адамдарды қарсы аламыз. Олар да бізбен бірге Жер шарын жұмаққа айналдырады. Сол кезде шұғылданатын небір қызықты жұмыстар көп болады.

Ехоба сенің жұмақта болғаныңды қалайды. Сол кезде Ехоба туралы қазіргіден де көп нәрсе білесің. Олай болса, Ехобаға күн сайын, қазір де, болашақта да жақындай бер!

“Құдайымыз Ехоба, сен даңққа, құрмет пен күш-құдіретке ие болуға лайықсың! Өйткені бәрін жаратқан — өзіңсің, бәрі де сенің еркіңмен бар болды әрі жаратылды” (Аян 4:11).