Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

1-бөлімнің кіріспесі

1-бөлімнің кіріспесі

Киелі кітаптың алғашқы беттерінде Ехобаның көк пен жердегі әсем жаратылыстары жайлы баяндалады. Құрметті ата-ана, балаңызға жаратылыстың қаншалықты әр алуан екенін көрсетіңіз. Құдайдың адам баласын жануарлардан ерекше етіп жаратқанына назар аударыңыз. Біздің сөйлеу, ойлау, ән айту, дұға ету, жасампаздық сияқты қабілеттеріміз бар. Ехобаның күші мен даналығына, сондай-ақ оның әрқайсысымызға танытатын сүйіспеншілігіне назар аударыңыз. Балаңыздың бойына Құдайдың осы қасиеттеріне деген ризашылық ұялатыңыз.

БҰЛ САНАТТА

1-ТАРАУ

Құдай аспан мен жерді жаратты

Киелі кітапта Құдайдың аспан мен жерді жаратқаны айтылған. Ол ең алғашқы періштені не үшін жаратты?

2-ТАРАУ

Құдай алғашқы ер мен әйелді жаратты

Құдай алғашқы ер мен әйелді жаратып, Едем бағына қоныстандырды. Құдай олардың балалы-шағалы болып, бүкіл жерді жұмаққа айналдырғанын қалады.