Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

2-бөлімнің кіріспесі

2-бөлімнің кіріспесі

Неге Ехоба топан су жіберіп, ежелгі дүниені жойып жіберді? Бұған ерте заманда басталған жақсылық пен жамандықтың арасындағы күрес себеп болды. Әбіл мен Нұх сияқты аз ғана адам жақсы болғысы келді. Ал Адам ата мен Хауа ана және олардың ұлдары Қабыл сияқты адамдар жаман болуды таңдады. Адамдардың басым көпшілігі өте жаман болып кеткендіктен, Ехоба ежелгі дүниені жойып жіберді. Бұл бөлімнен мынаны білеміз: Ехоба біздің нені таңдайтынымызды көріп тұрады, әрі ол жамандықтың жақсылықты жеңуіне жол бермейді.

БҰЛ САНАТТА

3-ТАРАУ

Адам ата мен Хауа ана Құдайдың тілін алмады

Едем бағындағы бір ағаш қай жағынан ерекше болды? Неге Хауа ана оның жемісін жеді?

4-ТАРАУ

Ол ашу үстінде адам өлтірді

Құдай Әбілдің сыйын қабыл алды, ал Қабылдікін қабыл алмады. Мұны білгенде, Қабыл қатты ашуланып, өте жаман іске барды.

5-ТАРАУ

Нұх кеме соқты

Жаман періштелер жердегі әйелдерге үйленгенде, олардан алып бұзақылар туды. Жерді қатыгездік жайлады. Бірақ Нұх өзгеше кісі болды: ол Құдайды жақсы көрді әрі оған мойынсұнды.

6-ТАРАУ

Сегіз адам аман қалды

Жаңбыр 40 күн, 40 түн бойы жауды. Нұх пен отбасы бір жылдан аса кемеде болды. Ақырында Құдай оларға кемеден шығуға рұқсат етті.