Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

3-бөлімнің кіріспесі

3-бөлімнің кіріспесі

Топан судан кейінгі жылдары Ехобаға қызмет еткен адамдар өте аз болды. Киелі кітапта аты аталған адал адамдардың бірі — Ыбырайым. Ол Ехобаның досы болған. Неге Ехоба оны досым деп атаған? Балаңызға Ехобаның оған жеке көңіл бөлетінін және көмектескісі келетінін түсіндіруге тырысыңыз. Құдайға адал болған Ыбырайым, Лұт, Жақып сияқты біз де одан көмек сұрауға тартынбайық. Ехоба берген уәдесін әрқашан орындайды.

БҰЛ САНАТТА

7-ТАРАУ

Бабыл мұнарасы

Адамдар қала және төбесі аспанға дейін жететін мұнара соқпақшы болды. Неге Құдай олардың тілін бір сәтте шатастырып жіберді?

8-ТАРАУ

Ыбырайым мен Сара Құдайдың тілін алды

Неге Ыбырайым мен Сара қаладағы өмірлерін тастап, Қанахан жерінде көшіп-қонып жүрді?

9-ТАРАУ

Көптен күткен бала

Құдай Ыбырайымға берген уәдесін қалай орындайды? Ол Ысқақ арқылы орындала ма, Ысмағұл арқылы ма?

10-ТАРАУ

Лұттың әйелі Құдайды тыңдамады

Құдай Содом мен Ғомора қалаларына от пен күкірт жаудырды. Ол бұл қалаларды неге жойды? Неге біз Лұттың әйелін есте ұстауымыз керек?

11-ТАРАУ

Ыбырайымның сенімі сыналды

Құдай Ыбырайымға: “Жалғыз ұлыңды ал да, Мория тауында оны маған арнап құрбандыққа шал”,— деді. Осылай сенімі сыналғанда, Ыбырайым не істеді?

12-ТАРАУ

Жақып мұраға ие болды

Ысқақ пен Рабиғаның Есау және Жақып деген егіз балалары болды. Есау тұңғыш бала болғандықтан ерекше мұра алу керек еді. Неге ол мұрасын бір табақ жасымық көжеге айырбастай салды?

13-ТАРАУ

Жақып пен Есау татуласты

Жақып періштенің батасын қалай алды? Ол ағасымен қалай татуласты?