Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

4-бөлімнің кіріспесі

4-бөлімнің кіріспесі

Бұл бөлімде Жүсіп, Әйүп, Мұса және Исраил халқымен танысамыз. Олардың бәріне Шайтан көптеген сынақтар жіберген. Кейбіреулері әділетсіздікке тап болды, түрмеге қамалды, құлға айналды, тіпті жақындарынан айырылды. Бірақ Ехоба оларды түрлі жолдармен қорғап отырды. Бастарына қиындық түскенде, сол кісілер Ехобаға деген сенімдерін қалай сақтағанын балаңызға түсіндіріңіз.

Мысырдың барлық құдайларынан әлдеқайда құдіретті екенін көрсету үшін, Ехоба он апат жіберді. Ол өз халқын бұрын қалай қорғаса, бүгінде де дәл солай қорғайтынына назар аударыңыз.

БҰЛ САНАТТА

14-ТАРАУ

Әрдайым Құдайдың тілін алған құл

Жүсіп еш жамандық жасамаса да, көп қиындық көрді. Не себептен?

15-ТАРАУ

Ехоба Жүсіпті ұмытпады

Үйінен алыс жүрген Жүсіпті Құдай тастамады.

16-ТАРАУ

Әйүп деген кім?

Әйүп қиын шақта да Ехобаға мойынсұнды.

17-ТАРАУ

Мұса Ехобаға қызмет етуді шешті

Тапқыр анасы кішкентай Мұсаны өлімнен аман алып қалды.

18-ТАРАУ

Жанса да, өртенбейтін бұта

Жанып тұрған бұта не себепті өртеніп кетпейді?

19-ТАРАУ

Алғашқы үш жаза

Өркөкірек перғауынның кесірінен бүкіл мысыр халқы жазаға ұшырады.

20-ТАРАУ

Келесі алты жаза

Бұл жазалардың алдыңғы үшеуінен қандай айырмашылығы болды?

21-ТАРАУ

Оныншы жаза

Оныншы жазаның ауыр болғаны сонша — өркөкірек перғауын ақырында райынан қайтты.

22-ТАРАУ

Қызыл теңізде болған керемет

Құдай он жаза жібергенде, перғауын аман қалды. Бірақ бұл кереметтен тірі қала ма?