Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

6-бөлімнің кіріспесі

6-бөлімнің кіріспесі

Исраилдіктер ақыры Уәде етілген жерді иемденді. Сол жерде киелі шатыр шынайы ғибадаттың орталығына айналды. Діни қызметкерлер халыққа Мұса Заңын үйретті, ал билер жөн сілтеп отырды. Бұл бөлімдегі оқиғалардан адамның шешімі мен әрекеті басқаларға да әсер ететінін байқаймыз. Әр исраилдік өзгелерге және Ехобаға адал болуға тиіс еді. Дебора, Нағима, Ешуа, Ханна, Ефтаның қызы, Самуил сияқты адамдардың басқаларға қалай әсер еткенін ерекше атап өтіңіз. Құдайдың исраилдіктермен бірге екенін білген Рахаб, Рут, Жаел және гибеондықтар сияқты кейбір жатжерліктердің исраил халқына қосылуды шешкеніне көңіл бөліңіз.

БҰЛ САНАТТА

29-ТАРАУ

Ехоба Ешуаны таңдады

Құдайдың Ешуаға берген нұсқаулары біз үшін де пайдалы.

30-ТАРАУ

Рахаб тыңшыларды жасырып қойды

Иерихонның қабырғалары қирап қалды. Бірақ қабырғада орналасқан Рахабтың үйі қираған жоқ.

31-ТАРАУ

Ешуа және гибеондықтар

Ешуа Құдайға дұға етіп: “Күн, кідіре тұр”,— деп сұрады. Ехоба оған жауап берді ме?

32-ТАРАУ

Жаңа басшы және екі батыл әйел

Ешуа қайтыс болған соң, исраилдіктер пұттарға табына бастады. Олардың бастарына ауыр күндер туды, бірақ Ехоба көмектесті. Ол мұны Барақ, Дебора пайғамбар және Жаел арқылы істеді.

33-ТАРАУ

Рут пен Нағима

Күйеулері қайтыс болған екі әйел Исраил еліне оралды. Рут егістікке масақ теруге барғанда, оны Бағоз байқады.

34-ТАРАУ

Гедеон мадияндықтарды жеңді

Мадияндықтардан қысым көргенде, Исраил халқы Ехобадан көмек сұрап жалбарынды. Гедеонның шағын әскері жаудың 135 000 сарбазын қалай жеңді?

35-ТАРАУ

Ханна ұл бала сұрап дұға етті

Елқана әйелдері Ханна мен Пәнананы және бала-шағасын Шилодағы киелі шатырға ғибадат етуге апаратын. Сол жерде Ханна ұл бала сұрап дұға етті. Уақыт өте Самуил туылды.

36-ТАРАУ

Ефтаның уәдесі

Ефта қандай уәде берді және не үшін? Ефтаның қызы әкесінің берген уәдесін қалай қабылдады?

37-ТАРАУ

Ехоба Самуилмен сөйлесті

Бас діни қызметкер Елидің екі ұлы киелі шатырда қызмет еткен. Бірақ олар Ехобаның заңдарын орындамады. Жас Самуил оларға еліктеген жоқ. Бір күні онымен Ехоба сөйлесті.

38-ТАРАУ

Ехоба Самсонға күш берді

Құдай Самсонға філістірлерді жеңетін күш берді. Бірақ Самсон жаман шешім жасағанның кесірінен жаулары оны тұтқынға алды.