Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

7-бөлімнің кіріспесі

7-бөлімнің кіріспесі

Бұл бөлімде Саул патша мен Дәуіт патшаның өмірбаяны қарастырылып, сол кездегі тарихтың 80 жылы қамтылады. Бастапқыда Саул кішіпейіл, Құдайдан қорқатын адам болған. Бірақ ол тез-ақ өзгеріп, Ехобаның басшылығына мойынсұнбай кетеді. Сондықтан Құдай одан бас тартып, Самуилге Дәуітті Исраил елінің келесі патшасы етіп майлауды тапсырады. Бұған іші күйген Саул бірнеше рет Дәуітті өлтірмек болады. Бірақ Дәуіт одан кек алмайды. Саулдың ұлы Жонатан Ехобаның Дәуітті таңдағанын біледі, сөйтіп, оған адал болады. Дәуіт патша бірнеше ауыр күнә жасайды, әйтсе де Ехоба жөнге салғанда, ешқашан бас тартпайды. Ата-аналар, балаларыңызға Ехоба мен ол таңдаған адамдарға мойынсұнудың және адал болудың қаншалықты маңызды екенін түсіндіріңіздер.

БҰЛ САНАТТА

39-ТАРАУ

Исраилдің алғашқы патшасы

Ехоба исраилдіктерге жөн сілтеп отыратын билер берді, бірақ олар патшаларының болғанын қалады. Самуил Исраилдің алғашқы патшасы етіп Саулға май жағу рәсімін жасады. Алайда кейін Ехоба одан бас тартты. Мұның себебі неде?

40-ТАРАУ

Дәуіт пен Ғолият

Ехоба Дәуітті Исраилдің келесі патшасы етіп таңдады. Дәуіт мұның дұрыс таңдау екенін дәлелдеді.

41-ТАРАУ

Дәуіт пен Саул

Неге бұл адамдардың бірі екіншісін жек көрді? Бірақ жеккөрінішті болған адам не істеді?

42-ТАРАУ

Батыл әрі адал Жонатан

Патшаның ұлы Дәуіттің жақын досы болды.

43-ТАРАУ

Дәуіт патшаның күнәсі

Бұрыс шешімнің арты көп қиындыққа ұласады.