Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

9-бөлімнің кіріспесі

9-бөлімнің кіріспесі

Бұл бөлімде біз Ехобаға зор сенімін көрсеткен жастармен, пайғамбарлармен, патшалармен танысамыз. Сирия елінде жүрген кішкентай исраилдік қыз Нағыман деген ауру кісіні Ехобаның пайғамбары айықтыра алатынына сенді. Еліше пайғамбар Ехоба оны кез келген дұшпанның әскерінен қорғайтынына кәміл сенді. Бас діни қызметкер Еходай болса Жоғасты бала кезінде Аталия есімді зұлым әжесінен құтқарып қалды. Езекия патша Иерусалимді Ехобаның өзі қорғап қалатынына сенім артты. Ол қорқынышқа бой алдырып, ассириялықтарға беріле салмады. Ал Жосия деген патша елді пұтқа табынушылықтан тазартып, ғибадатхананы қалпына келтірді және халықты шынайы ғибадатқа қайтарды.

БҰЛ САНАТТА

51-ТАРАУ

Жауынгер мен кішкентай қыз

Кішкентай исраилдік қыз қожайын әйелге Ехобаның құдіреті жайлы айтып беріп еді, нәтижесі керемет болды.

52-ТАРАУ

Ехобаның оттай жалындаған әскері

“Біздің жағымыздағылар олардың жағындағылардан әлдеқайда көп” деген сөздердің растығына Елішенің қызметшісінің көзі жетті.

53-ТАРАУ

Еходай батыл әрекет етті

Сенімі зор діни қызметкер зұлым патшайымға қарсы тұрды.

54-ТАРАУ

Ехоба Жүніске шыдамдылық танытты

Құдайдың пайғамбарын қалайша үлкен балық жұтып қойды? Ол балықтың ішінен қалай шықты? Ехоба өзінің пайғамбарын не нәрсеге үйретті?

55-ТАРАУ

Ехобаның періштесі Езекияны қорғады

Яһуданың жаулары Ехоба өз халқын қорғай алмайды десті. Бірақ олар қатты қателесті!

56-ТАРАУ

Жосия Құдайдың Заңын жақсы көрді

Жосия сегіз жасында патша болды. Ол халыққа Ехобаға ғибадат етуге көмектесті.