Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

12-бөлімнің кіріспесі

12-бөлімнің кіріспесі

Иса адамдарға көктегі Патшалық туралы уағыздаған. Сондай-ақ былай деп дұға етуді үйреткен: “Көктегі Әкеміз, сенің есімің киелі тұтылсын! Сенің Патшалығың келсін! Сенің еркің көктегідей жер бетінде де орындалсын!” Балаңыз болса, оған бұл дұғаның біз үшін қандай мәні бар екенін түсіндіріңіз. Шайтан адалдығынан тайдыруға тырысқанда, Иса еш берілмеді. Ол елшілерді таңдап, Патшалықтың мүшелері ретінде арнайы тапсырмалар берді. Иса шынайы ғибадатты қолдауда алдына жан салмады. Адамдарға көмектескісі келгендіктен, ол ауруларды айықтырды, аштарды тамақтандырды, тіпті өлгендерді тірілтті. Исаның осы кереметтері Патшалық орнаған кезде оның не істейтінін көрсетеді.

БҰЛ САНАТТА

74-ТАРАУ

Исаның Мәсіх болуы

Жақия не үшін Исаны Құдайдың Тоқтысы деп атады?

75-ТАРАУ

Шайтан Исаны сынады

Шайтан Исаны үш рет сынады. Ол қандай үш сынақ болды? Иса Шайтанға не деп жауап берді?

76-ТАРАУ

Иса ғибадатхананы тазартты

Не үшін Иса малдарды ғибадатханадан қуып, ақша айырбастаушылардың үстелдерін төңкеріп тастады?

77-ТАРАУ

Құдық басындағы әйел

Жақып құдығының басында Иса самариялық әйелге сөйлеген кезде, ол таңғалды. Иса оған әлі ешкімге айтпаған бір нәрсені айтты.

78-ТАРАУ

Иса Патшалық туралы уағыздады

Иса кейбір шәкірттерін “адам аулаушы” болуға шақырды. Кейін ол 70 ізбасарына ізгі хабарды уағыздауды үйретті.

79-ТАРАУ

Иса көптеген кереметтер жасады

Ол жүрген жерлердің бәрінде адамдар айыққысы келіп, одан көмек сұрап жатты. Иса олардың барлығын айықтырды. Ол тіпті қайтыс болған кішкентай қызды қайта тірілтті.

80-ТАРАУ

Иса он екі елшісін таңдады

Иса оларды не үшін таңдап алды? Олардың есімдерін білесің бе?

81-ТАРАУ

Исаның таудағы уағызы

Иса жиналған қалың жұртқа құнды кеңестер берді.

82-ТАРАУ

Иса шәкірттеріне дұға етуді үйретті

Шәкірттеріне “сұрай беріңдер” дегенде, Иса не туралы айтқан?

83-ТАРАУ

Иса мыңдаған адамды тамақтандырды

Бұл кереметтен Иса мен Ехоба туралы не білеміз?

84-ТАРАУ

Иса су бетімен жүрді

Болған кереметті көрген кезде, елшілер не сезінгенін елестетіп көрші.

85-ТАРАУ

Иса Демалыс күні ауруды сауықтырды

Бірақ неге бұл кейбіреулерге ұнамады?

86-ТАРАУ

Иса Елазарды тірілтті

Иса Мәриямның жылағанын көргенде, өзі де жылап жіберді. Бірақ олардың қайғысы қуанышқа ұласты.