2-ӘН
Сенің есімің — Ехоба
-
1. Әлемнің Иесі,
Жаратушы Ехоба,
Білсін келер ұрпақ та
Сенің есіміңді.
Меншікті халқың боп,
Алып жүрміз атыңды.
Мадақтаймыз даңқыңды,
Ұлы есіміңді.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Ехоба, Ехоба,
Сендей Құдай бар ма?
Зор даңқыңа тең келетін
Кім бар бұл ғаламда?
Иесі күллі әлемнің
Мәңгі өзің ғана.
Ехоба, Ехоба,
Жоқ қой сендей ұлы тұлға!
-
2. Атың сенің дара,
Болғызушы Құдайсың.
Жаңа болмыс сыйлайсың
Лайық қып еркіңе.
Куәгерің болу —
Біз үшін зор мәртебе.
Даңқ әкелсін бәрі де
Ұлы есіміңе.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Ехоба, Ехоба,
Сендей Құдай бар ма?
Зор даңқыңа тең келетін
Кім бар бұл ғаламда?
Иесі күллі әлемнің
Мәңгі өзің ғана.
Ехоба, Ехоба,
Жоқ қой сендей ұлы тұлға!
(Шеж. 2-ж. 6:14; Зәб. 72:19; Ишая 42:8 қараңыз.)