Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

3-ӘН

Сен бізге күш бердің, үміт бердің

Сен бізге күш бердің, үміт бердің

(Нақыл сөздер 14:26)

  1. 1. Сыйладың, Ехоба, зор үміт

    От боп жанған лаулап.

    Айтамыз жұртқа ол жайлы,

    Жүректерін жаулап.

    Алайда қиын күндер келіп,

    Үркітті-ау бізді талай.

    Әп-сәтте үміт жалыны

    Сөніп қалды қалай?

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Сен бізге күш бердің,

    Зор үміт бердің,

    Саған біз сенім артамыз.

    Қолдайсың әрқашан,

    Қорықпай енді

    Ізгі хабарды айтамыз.

  2. 2. Атайын қайбір көмегіңді,

    Олар ұшан-теңіз.

    Жүректің ашып қатпарын,

    Жазып қойшы дейміз.

    Ұмытпай сонда біз оларды,

    Қайтадан жалындаймыз.

    Атыңды батыл жүрекпен

    Жар сап, уағыздаймыз.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Сен бізге күш бердің,

    Зор үміт бердің,

    Саған біз сенім артамыз.

    Қолдайсың әрқашан,

    Қорықпай енді

    Ізгі хабарды айтамыз.