15-ӘН
Ехобаның Тұңғышын мадақтаңдар!
-
1. Бұл — Құдай Тұңғышы,
Патша болып майланды.
Әділ, шыншыл билігі
Жерге бата сыйлайды.
Ұлылық, салтанатпен
Құдай атын жақтап,
Ехобаның ол алар
Билік құқын ақтап.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Бұл — Құдай Тұңғышы,
Оны біз мадақтайық.
Киелі тау Сионда
Құрды Мәсіх патшалық.
-
2. Бұл — Құдай Тұңғышы,
Жанын біз үшін қиған.
Енді Құдай кешірер
Күнәмізді жасаған.
Зығырдан киім киіп,
Қалыңдығы Ұлдың,
Қабыл алуға дайын
Билігін Құдайдың.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Бұл — Құдай Тұңғышы,
Оны біз мадақтайық.
Киелі тау Сионда
Құрды Мәсіх патшалық.