Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

16-ӘН

Ехобаны Патшалығы үшін мадақтаңдар!

Ехобаны Патшалығы үшін мадақтаңдар!

(Аян 21:2)

  1. 1. Ехоба Ұлын майлады,

    Мәсіх — тамаша Патша!

    Жерде әділдік орнар енді

    Құдай ниеті бойынша.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Күллі адал азаматтары

    Көкте отырған Патшаның,

    Мадақ айтыңдар жалғыз Құдайға,

    Ұлы майланды оның.

    Міне, Патша боп Мәсіх енді

    Жерде әділдік орнатпақ.

    Біздің Патшамыз Құдай есімін

    Мәңгі киелі тұтпақ.

  2. 2. Ехоба көкке шақырды

    Адал қызметшілерін.

    Олар Мәсіхпен билік етіп,

    Әсем бақ қылар жер бетін.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Күллі адал азаматтары

    Көкте отырған Патшаның,

    Мадақ айтыңдар жалғыз Құдайға,

    Ұлы майланды оның.

    Міне, Патша боп Мәсіх енді

    Жерде әділдік орнатпақ.

    Біздің Патшамыз Құдай есімін

    Мәңгі киелі тұтпақ.