Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

18-ӘН

Төлемге ризашылық

Төлемге ризашылық

(Лұқа 22:20)

  1. 1. Ехоба, біз бүгін тұрмыз тақ алдында,

    Сыйыңды тарту еттің, тең келмес алтын да.

    Өмір бердің бізге қиып сен ұлыңды,

    Сүю шыңы — осы, қандай құрбандық құнды!

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Ол қанымен азат етті,

    Құны оның көкке жетті.

    Алғыс айтып саған,

    Көңіліміз толқып кетті.

  2. 2. Адамзатты сүйіп, Иса жанын қиды,

    Көргенде мүшкіл халін жүрегі балқиды.

    Өз қанымен үміт отын қайта жағып,

    Өмір берді, өлім кетер өзен боп ағып.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Ол қанымен азат етті,

    Құны оның көкке жетті.

    Алғыс айтып саған,

    Көңіліміз толқып кетті.