Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

19-ӘН

Еске алу кеші

Еске алу кеші

(Матай 26:26—30)

  1. 1. Көктегі Әкеміз, Ехоба,

    Бұл кеш киелі расында!

    Халқыңды сүйгенің, орасан зор күшің

    Анық көрінді баршаға.

    Мейрамның құрбандық тоқтысы

    Аман сақтаған халқыңды.

    Ал ғасырлар өте Ұлың өз қанымен

    Біздерді біржола құтқарды.

  2. 2. Нан мен шарапқа қарап бүгін

    Құнын ұғамыз төлемнің.

    Бойсұнып еркіңе, дайын боп өлуге,

    Иса ұсынды өмірін.

    Әке, ұмытпай бұл сыйыңды,

    Жылда еске алып тұрамыз.

    Ұлыңның қанымен азат боп өлімнен,

    Сол үшін мың алғыс айтамыз!

  3. 3. Келіп алдыңа, уа, Ехоба,

    Тағзым етеміз иіліп!

    Өзің мен Ұлыңның мейірім төккенін

    Даңқтап өтеміз мәңгілік.

    Еске алу кеші бүгінгі

    Жаңа күш беріп сенімге,

    Ізімен Исаның жүреміз әрдайым,

    Бет алып мәңгілік өмірге.