Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

24-ӘН

Ехобаның тауына келіңдер!

Ехобаның тауына келіңдер!

(Ишая 2:2—4)

  1. 1. Көз сал асқар тауға

    Заңғар көкке ұмтылған.

    Тауы бұл Құдайдың

    Киелі, асқақтаған.

    Барлық халық тауға

    Бара жатыр ағылып.

    “Кәне, келіңдер!” деп

    Бәрін талмай шақырып.

    Азғана халықтан

    Тарады мықты халық енді.

    Күн сайын көбейіп,

    Құдайдың нұрына кенелді.

    Шындық жолын таңдап,

    Сан мың жұрт ағылуда.

    Мәңгі адал болар,

    Нық тұрып тура жолда.

  2. 2. Кезек күттірмейді

    Құдайдың ісі бүгін.

    Уағыз айтып қамтимыз

    Жердің әр түкпірін.

    Көктен жүргізуде

    Билігін Иса Мәсіх.

    Өзін жақтағанға

    Жол сілтеуге ол асық.

    Күн санап өсуде

    Қатары ұлы жамағаттың.

    Қосамыз зор үлес,

    Үмітін жалғап адамзаттың.

    Бәрін зор дауыспен

    Талмайық шақырудан.

    Келсін биік тауға жұрт

    Түрлі ұлт пен рудан.