Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

26-ӘН

Оларға жасағандарың — маған жасағандарың

Оларға жасағандарың — маған жасағандарың

(Матай 25:34—40)

  1. 1. Майланған халықтың көтерісіп жүгін,

    Басқа қойлар талмай қолдауда бүгін.

    Мәсіх үшін қымбат олардың көмегі,

    Мейірі тасып алғысын төгеді:

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    “Оларға аянбай дем бергендерің —

    Шындығында мені демегендерің.

    Игі істерің оларға жасаған —

    Игі істерің маған жасаған,

    Жақсылықтарың бұл маған жасаған”.

  2. 2. “Шөлдеген кезімде салқын су бердіңдер,

    Бейтаныс болсам да, қамқор едіңдер”.

    “Қашан су бердік шөлдеген кезіңізде?”

    Деген сұраққа жауап бар Мәсіхте:

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    “Оларға аянбай дем бергендерің —

    Шындығында мені демегендерің.

    Игі істерің оларға жасаған —

    Игі істерің маған жасаған,

    Жақсылықтарың бұл маған жасаған”.

  3. 3. “Патшалық хабарын уағыздап жұмыла,

    Қолғабыс болдыңдар бауырларыма.

    Сендерге, адал болған ұлы жамағат,

    Мәңгі өмір беріп, төгем шапағат”.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    “Оларға аянбай дем бергендерің —

    Шындығында мені демегендерің.

    Игі істерің оларға жасаған —

    Игі істерің маған жасаған,

    Жақсылықтарың бұл маған жасаған”.