28-ӘН
Ехобаның досы болайық
(Зәбүр 15)
-
1. Айтшы, уа, Құдайым,
Кім сенің шын досың?
Кең шатырыңа кім жайғасып,
Кім қонағың болсын?
Нәр алып Сөзіңнен,
Адал боп қалғандар,
Мекеніңде мәңгі жасамақ
Сенімі нық жандар.
-
2. Айтшы, уа, Құдайым,
Кім сенің шын досың?
Кімнің есімі жүрегіңде,
Кімге сен ризасың?
Бойсұнып сөзіңе,
Даңқтаған атыңды,
Шындығыңа сай өмір сүрген
Өзіңе ұнамды.
-
3. Бар уайымды артып
Бір саған, Құдайым.
Арадағы адал достықты
Шыңдаймыз күн сайын.
Біз үшін ең қымбат,
Ең жақын дос сенсің.
Үнімізге құлақ асатын
Нағыз дос екенсің.
(Зәб. 139:1; Пет. 1-х. 5:6, 7 қараңыз.)