Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

34-ӘН

Мінсіздік жолымен жүру

Мінсіздік жолымен жүру

(Зәбүр 26)

  1. 1. Төрелік ет маған, уа, Құдайым,

    Тексерші, тек саған мен сенім артамын.

    Мінсізбін бе, көрші мені сынап,

    Жүрек пен санамды бір жаңартып тазарт.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Ал мен болсам жамандыққа бармай,

    Жүремін мәңгілік мінсіздіктен таймай.

  2. 2. Отырмаймын жалған сөйлейтінмен,

    Жаным жеркенеді арам ниеттіден.

    Зұлымдармен бірге мені жойма,

    Пара алатынмен бір қатарға қойма.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Ал мен болсам жамандыққа бармай,

    Жүремін мәңгілік мінсіздіктен таймай.

  3. 3. Жүрсем деймін үйіңде күн сайын,

    Мерейін асырып таза ғибадаттың.

    Жүз айналып құрбандық ошағын,

    Шексіз алғысымды дұғама қосамын.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Ал мен болсам жамандыққа бармай,

    Жүремін мәңгілік мінсіздіктен таймай.

(Зәб. 25:2 қараңыз.)