Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

38-ӘН

Құдай саған күш береді

Құдай саған күш береді

(Петірдің 1-хаты 5:10)

  1. 1. Қара түнек басқан осы сұм заманнан

    Сені жарығына әкелгенде,

    Көрген еді Құдай жүргеніңді аңсап

    Шындық, әділдікті жүрегіңде.

    Арнадың ғой оған өміріңді,

    Қамқоршың болады сенің енді.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Еншіледі Ехоба зор құн төлеп сені,

    Демек, тастамайды, күш беріп үнемі.

    Қамқор боп жетелейді жолымен әр күні,

    Бұл рас, тастамайды, күш беріп үнемі.

  2. 2. Күмәнданба, Құдай ойлайды қамыңды,

    Ұлын берді емес пе сен үшін?!

    Қиған болса Ұлын, жалғызын аяулы,

    Қалай дарытпайды енді күшін?!

    Ерен еңбегіңді ұмытпайды,

    Өз меншігін сөзсіз қамқорлайды.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Еншіледі Ехоба зор құн төлеп сені,

    Демек, тастамайды, күш беріп үнемі.

    Қамқор боп жетелейді жолымен әр күні,

    Бұл рас, тастамайды, күш беріп үнемі.