40-ӘН
Сен кімнің меншігісің?
-
1. Кімнің меншігісің?
Кімге қызмет етесің?
Кімге бас иіп, сен бағынсаң,
Сол қожайын, құдай саған.
Екі қожайынға
Ешкім бірдей жаға алмас.
Жалғыз жүрегің таңдап біреуін,
Екеуін тең көре алмас.
-
2. Кімнің меншігісің?
Кімге сен бағынасың?
Бірі шын Құдай, бірі жалған,
Өз еркің кімді таңдасаң.
Жердегі патшаны
Өте ме күнің жақтап?
Әлде сен бүгін Құдай билігін
Жүргің келе ме ақтап?
-
3. Кімнің меншігімін?
Ехоба — шын Құдайым.
Берген антымнан еш айнымай,
Қызмет етемін шет қалмай.
Қиып ол өз Ұлын,
Азат етті жанымды.
Енді Құдайға адал болуға
Саламын мен барымды.
(Ешуа 24:15; Зәб. 116:14, 18; Тім. 2-х. 2:19 қараңыз.)