Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

42-ӘН

Құдай қызметшісінің дұғасы

Құдай қызметшісінің дұғасы

(Ефестіктерге 6:18)

  1. 1. Асыл Әке, саған бас иеміз,

    Асқақ етші атыңды деп тілейміз.

    Болғызатын ұлы Құдайсың,

    Жер бетінде еркің орындалсын.

    Патшалық қол астында

    Жетейік зор бақытқа.

  2. 2. Әр сыйыңды біздер бағалаймыз,

    Шексіз алғыс жолдаудан шаршамаймыз.

    Сен өмірдің қайнар көзісің,

    Жарығыңда жүріп, адаспаймыз.

    Саялы құшағыңда

    Бәріміз таптық пана.

  3. 3. Бұл өмірде қайғы бітпесе де,

    Тыныштық пен жұбаныш көзі сенде.

    Жүгімізді саған артамыз,

    Күш бере гөр, Әке, сұранамыз.

    Саған берген сертіміз

    Қалмасын орындаусыз.